Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2018 жылғы 17 қыркүйек


Мазмұны:

1) ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапарының негізгі қорытындылары туралы;
2) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде 17-20 қыркүйек аралығында Қазақстан қатысатын оқиғалар туралы;
3) Қазақстан делегациясының Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адами өлшем жөніндегі кездесуіне қатысуы туралы;
4) Германияның Сыртқы істер мемлекеттік министрі Нильс Анненнің Астанаға сапары туралы;
5) Еуропа Парламенттің Сыртқы істер жөніндегі комитеті делегациясының Астанаға сапары туралы;
6) Гамбияның Сыртқы істер министрі Мамаду Тангараның Астанаға сапары туралы
7) Ұлыбританияның Экспорттық қаржы агенттігінің Төрағасы Луи Тейлордың Астанаға сапары туралы;
8) Ядролық қаруды және басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларға бөлінетін материалдардың өндірісіне тыйым салу туралы Келісімнің шеңберінде Оңтүстік және Орталық Азия елдеріне арналған семинардың өткізілуі туралы;
9) Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесі отырысының өткізілуі туралы;
10) Алматы қаласының Халықаралық әуежайында Қазақстанның құзыретті органдарының Қырғызстан азаматтарына қарсы әрекеттерін тексеру туралы.


1) ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапарының негізгі қорытындылары туралы

13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына ресми сапармен барып қайтты.

Қазақстан мен Түркия басшылары арасындағы белсенділігімен ерекшеленетін байланыстар, осы жолы Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның президенттік жүйеге көшкен Түркияны басқарып жатқан шақта жүзеге асты. Жуырда ғана көпжақты форматта Бішкекте өткізілген келіссөздер, Анкарада екіжақты форматта жалғасты.

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізіп, екі елдің арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің (ЖДСЫК) отырысына қатысты. Кеңес қорытындысы бойынша екі елдің Президенттері Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Сапар барысында мәдениет орталықтарының ашылуын, сондай-ақ бес ведомствоаралық құжаттарды, соның ішінде ауылшаруашылығы саласын қоса алғанда, үш үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Елбасы ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстанның халық жағынан ең ірі өңірі болып саналатын Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойғанын еске салып, түрік тарапын атаған облысты жалпы түркіліктің символы ретінде дамуы бағытында ортақ бастамаларды ұйымдастыруға шақырды.

Мемлекет басшысы түрік бизнесінің «капитандарымен», сондай-ақ Түркия бизнесінің ең ірі алпауыттары «Коч холдинг», «Йылдырым групп» және «Ояк холдинг» компанияларының басшыларымен жеке кездесулерін өткізді.

Сапардың алдында өткен бизнес форум аясында 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 22 екіжақты коммерциялық құжатқа қол қойылып, екі елдің арасындағы «Жаңа синергия» Бірлескен экономикалық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары өзектендіріліп, қабылданды.

2) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде 17-20 қыркүйек аралығында Қазақстан қатысатын оқиғалар туралы;

17-20 қыркүйек аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шеңберінде Қазақстанның қатысуымен бірқатар маңызды іс-шаралар өтеді, олардың ішінде:

- 17 қыркүйекте - Ауғанстандағы жағдайға және БҰҰ-ның Ауғанстандағы көмек көрсету миссиясына қатысты пікірталастар;

- 18 қыркүйекте - Сириядағы гуманитарлық және саяси жағдай жөніндегі брифинг;

- 20 қыркүйекте - Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі бойынша брифинг.

БҰҰ алаңында өтетін бұл оқиғалардың барлығын, соның ішінде Қазақстан делегациясының сөйлеген сөздерін БҰҰ Хатшылығының веб-телеарнасы арқылы онлайн режимінде қарауға мүмкін екеніне назар аударамыз. Кездесулер БҰҰ-ның барлық ресми тілдерінде көрсетіледі.

3) Қазақстан делегациясының Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адами өлшем жөніндегі кездесуіне қатысуы туралы

10-21 қыркүйек аралығында Варшава қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының Адами өлшем саласындағы міндеттемелердің орындалуына шолу жөніндегі жыл сайын өтетін жиналысы өтуде. Аталған іс-шараға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы 57 елдің делегациялары, халықаралық құқық қорғау және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып отыр.

Мәжілістің бірінші аптасының күн тәртібі демократиялық институттардың, соның ішінде ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейлерде, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аймағында демократиялық және ашық сайлау өткізуге, бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ, жиналыстың бірінші аптасының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылып, бұл тақырып бойынша әріптес елдердің тәжірибесімен танысты.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің негізінде 2013 жылдан бастап тұрақты жұмыс істейтін «Адами өлшем жөніндегі үн қатысу алаңы» - Консультативтік-кеңесші органын құру тәжірибесі көрсетілді. Бұл органның негізгі қатысушылары қатарына құқық қорғаушылар үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.

Варшавадағы мәжіліске қазақстандық азаматтық қоғам өкілдері де белсенді қатысуда. Олар өз бастамашылығымен форум алаңдарында жиналыстың күн тәртібіне сәйкес тақырыптарға арналған бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

4) Германияның Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Нильс Анненнің Астанаға сапары туралы

Бүгін Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде, Парламент Мәжілісінде және Сыртқы істер министрлігінде келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға келген Германияның Сыртқы істер мемлекеттік министрі Нильс Анненмен кездесті.

Германияның Мемлекеттік министрі Нильс Аннен Қазақстанды Германияның Орталық Азиядағы сыртқы саяси және экономикалық белсенділіктің басым бағыты ретінде қарастыратындығын айтып, Германияны 2019-2020 жылдарға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қолдағандығы үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Қайрат Әбдірахманов Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастардың дамудың тұрақты динамикасымен сипатталатындығын және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды қалыптастыруда Берлиннің маңызды рөлін атап өтті.

Келіссөздер барысында біздің елдеріміз арасында өзара қарым-қатынастардың барлық ауқымында қол жеткізілген ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты анықталды. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия Федеративтік Республикасының Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және Канцлері Ангела Меркель арасындағы жоғары деңгейде тұрақты байланыстар ерекше маңыздылыққа ие.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын жеке талқылап, Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуін қанағаттанарлықпен атап өтті. Жалпы, 2017 жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы 4,9 млрд. АҚШ долларға жетті.

Инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуде елеулі әлеуеттің бар екендігі атап өтілді. 2017 жылы Қазақстан экономикасына Германияның тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 345 млн. АҚШ доллардан асты. Жалпы, 2005 жылғы қаңтардан 2018 жылдың қаңтарына дейін Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 4,2 млрд. АҚШ доллардан асты.

Қазақстан экономикасына неміс инвестициялардың 90 пайыздан астамы «шикізаттық емес» салаға, атап айтқанда, өңдеуші өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, көлік және агроөнеркәсіп кешеніне жатады.

Ынтымақтастықтың қолданыстағы және жаңа институттары арқылы екіжақты байланыстардың даму қарқынының өсуіне қолдау көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

5) Еуропа Парламенттің Сыртқы істер жөніндегі комитеті делегациясының Астанаға сапары туралы

Бүгін Еуропа Парламенттің Сыртқы істер жөніндегі комитетінің делегациясы алғашқы жұмыс сапарымен Қазақстанға келді. Еуропа Парламенті мүшелерінің сапарының мақсаты еуропалық және қазақстандық тараптар арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты арттыру болып табылады.

Сапар барысында еуропалық депутаттардың Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бейінді комитеттерінің басшыларымен, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің, Бас прокуратураның және Қоғамдық даму министрлігінің басшылығымен кездесулері жоспарлануда.

6) Гамбия Сыртқы істер министрі Мамаду Тангараның Астанаға сапары туралы

18 қыркүйекте Қазақстанға алғашқы ресми сапармен Гамбия Республикасының Сыртқы істер министрі Мамаду Тангара келіп қайтады.

19 қыркүйекте Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен келіссөздері өтеді.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың келешектері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы және Ислам ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі өзара әрекеттесуді талқылайды.

Қазақстан мен Гамбия арасындағы дипломатиялық қатынастар 2011 жылғы 26 сәуірде орнатылған. 2017 жылы Гамбия «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрмесіне және Астанада өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысты.

7) Ұлыбританияның Экспорттық қаржы агенттігінің Төрағасы Луи Тейлордың Астанаға сапары туралы

17-18 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Экспорттық қаржыландыру агенттігінің төрағасы Луи Тейлордың Астанаға жұмыс сапары орын алуда. Сапар барысында бірқатар қазақстандық министрліктер мен ұлттық компаниялардың басшыларымен кездесулер жоспарланған.

Ұлыбританияның Экспорттық қаржыландыру агенттігі (қысқаша - UKEF) экспорт, мердігерлік және қызмет көрсету бойынша операцияларды қаржыландыру мен несиелеудің бірыңғай операторы болып табылады және Ұлыбританияның Қазынашылығына есеп береді.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің деректері бойынша, қазіргі таңда, UKEF тарапынан еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі келісімшартының пайдасына қаржылық қолдау көрсету жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Оның шеңберінде, британдық инжинирингтік компания Worley Parsons Қазақстанның ауылдық аймақтарын сумен жабдықтау жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін жүзеге асыруда.

Жалпы, британдық тараптың деректері бойынша, UKEF қазақстандық инфрақұрылымдық жобаларына 2 миллиардтан 3 миллиард АҚШ долларға дейін жеңілдік негізде несиелік қаржыландыруды қамтамасыз етуге дайын.

8) Ядролық қаруды және басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларға бөлінетін материалдардың өндірісіне тыйым салу туралы Келісімнің шеңберінде Оңтүстік және Орталық Азия елдеріне арналған семинардың өткізілуі туралы

Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік және қарусыздану аймақтық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған Ядролық қаруды және басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларға бөлінетін материалдардың өндірісіне тыйым салу туралы Келісімнің шеңберінде Оңтүстік және Орталық Азия елдеріне арналған екі күндік халықаралық семинар өз жұмысын бастады.

Іс-шараға Азия-Тынық мұхит аймағындағы мемлекеттердің өкілдері, сондай-ақ республиканың бейінді мемлекеттік органдарының сарапшылары қатысуда.

Семинар, Азия мен Тынық мұхиты аймағын қоса алғанда, барлық өңірлерден көбірек елдерді тарту мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздану жөніндегі жоғары деңгейлі сарапшылар тобы және Ядролық қарудың басқа да ядролық жарылғыш құрылғылары үшін өткізілетін материалдарды өндіруге тыйым салу туралы шартты әзірлеу жөніндегі консультативтік процестің мүддесі үшін ұйымдастырылды.

9) Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесі отырысының өткізілуі туралы

18-20 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының (қысқаша - ЦАРИКЦ) Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің және жұмыс тобының отырыстары өтеді. Аталған іс-шаралардың күн тәртібі келесі мәселелерге арналады:
- ЦАРИКЦ-тің құрылуы жөніндегі келісімге қосылу үшін Түркия Республикасы мен Ауғанстан Ислам мемлекетінің сұраулары;
- ЦАРИКЦ-ке байқаушы мәртебесін алу үшін Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің есірткіге қарсы күрес жөніндегі Қылмыстық ақпараттық орталығының өтініші;
- Оңтүстік-Шығыс Еуропа құқық қорғау орталығының кеңесі мен ЦАРИКЦ арасында трансұлттық есірткі айналымына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы;
- ЦАРИКЦ директоры орынбасарларының ротациясы және уақытша Комитетті құру;
- ЦАРИКЦ-тің қаржылық бақылаушысын тағайындау.

10) Алматы қаласының Халықаралық әуежайында Қазақстанның құзыретті органдарының Қырғызстан азаматтарына қарсы әрекеттерін тексеру туралы

Қырғыз дипломаттары назар аударған Алматы қаласының халықаралық әуежайында орын алған Қырғызстан азаматтарына қатысты Қазақстанның құзыретті органдарының тексеру іс-шараларына барлық жағдайларды түсіндіру мақсатында еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов Алматыда арнайы жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шара барысында мүдделі ведомстволардың қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында бақылау-өткізу пунктерінде өткізу тәртібін жетілдіру мәселелері, Шекара қызметі қызметкерлерінің негізсіз іс-әрекеттеріне жол бермеу жөнінде мәселелер талқыланып, ол үшін оған арнайы қызметтік тексеру басталды.

Келешекте қажетті рәсімдерді жүзеге асыру кезінде түрлі түсінбеушіліктерді болдырмау мақсатында, объективті бақылау шаралары кешені және тиісті ведомствоаралық комиссияны құруды қоса алғанда бұзушылықтарға жылдам әрекет ету жүзеге асырылады. Бұған қоса, көзделген шаралар мемлекеттік шекарадан өту уақытын минимумға дейін азайтатындығы күтілуде.

Жалпы алғанда, қазақстандық тарап әлемдегі кез-келген елдің азаматтарына қасақана тексеру жүргізбейтінін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы бақылау пункттерінен өту барлық рәсімдері жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келетінін растаймыз.

Қосылған : 17.09.2018, 18:00, Өзгертілген : 17.09.2018, 18:05