Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2018 жылғы 24 қыркүйек


Мазмұны:

1) 24-29 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының 73-ші Бас Ассамблеясының жұмысына қатысуы туралы;

2) Қазақстан-Грекия Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы туралы;

3) Қазақстан-Испания Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы туралы;

4) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы адам саудасына қарсы күрес бойынша симуляциялық жаттығулардың өткізілуі туралы.


1) 24-29 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының 73-ші Бас Ассамблеясының жұмысына қатысуы туралы

18 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады.

Сессияның тақырыбы «Біріккен Ұлттар Ұйымды барлық адамдардың мүдделеріне жақындату: бейбіт, әділетті және тұрақты қоғамдарды қолдаудағы жаһандық жетекшілік пен ортақ жауапкершілік» деп аталады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 73-ші сессиясының негізгі басымдықтары ретінде Ұйымды одан әрі реформалау, жанжалдарды болдырмау, адам құқықтарын қамтамасыз ету, гендерлік теңдік және әлемдегі әділетсіздікті еңсеру болып табылады.

Сессияның күн тәртібінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты даму, адам құқықтары, гуманитарлық көмек, қарусыздану, сот төрелігін нығайту және халықаралық құқықты дамыту сияқты салаларда 175-тен астам мәселе қамтылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жалпы дебаттарына Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысады. 24-29 қыркүйек аралығында көпжақты және екіжақты форматтағы бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстан Сыртқы істер министрінің сөз сөйлеуі 28 қыркүйекке жоспарланған.

Ассамблеяның сессиясында Қазақстан үшін басты оқиға «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу» мінез-құлық кодексінің таныстырылымы болады. Құжат Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалды. Кодекстің негізгі мақсаты 2045 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына орай терроризмге қарсы күрес және терроризмнен еркін әлемге қол жеткізу бойынша серіктес елдердің кең халықаралық коалициясын құру болып табылады.

Қазақстандық делегация көп жақты форматта өтетін түрлі кездесулердің жұмысына қатысуы күтілуде, атап айтқанда:

- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 73-ші сессиясының жалпы дебаттардың ашылуы;

- Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі және Қытай Халық Республикасынан Тәжікстанға төрағалықты тапсыру;

- Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі;

- Ядролық қаруды толық жоюға қарсы күрес халықаралық күніне арналған жоғары деңгейдегі кездесу;

- Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі бойынша бірқатар кездесулер;

- Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Министрлер кеңесінің бейресми кездесуі;

- теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдер тобы мемлекеттерінің министрлер кездесуі;

- Біріккен Ұлттар Ұйымының Өркениеттер Альянсының достары тобының министрлер кездесуі.

АҚШ төрағалығымен, сондай-ақ Президент Дональд Трамп пен Мемлекеттік хатшы Майкл Помпеоның қатысуымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар ашық отырыстары өтеді. 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстан аталған Кеңестің тұрақты емес мүшесі болып табылады.

Бітімгершілік, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау салалардағы бірқатар маңызды іс-шаралар, атап айтқанда, туберкулезді жою жөніндегі жоғары деңгейдегі кездесулер назар аударады. Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Шыңғыс Айтматовтың 90-жылдық мерейтойына арналған салтанатты көрменің ашылуы жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қайрат Әбдірахманов Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми өкілдері, сыртқы істер министрлері, американдық және халықаралық бизнес өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Жалпы алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 күн тәртібінің шеңберінде таратпау және қарусыздану, бітімгершілік, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму салаларындағы бірқатар сыртқы саяси бастамаларын ілгерілетуге мүмкіндік береді.

2) Қазақстан-Грекия Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы туралы;

24 қыркүйекте Афинада Қазақстан-Грекия Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы өтеді.

Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі механизмі болып табылады. Комиссияның тең төрағалары: Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Грекия тарапынан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Георгиос Катругалос болып табылады.

Біздің елдеріміз арасында сауда айналымның көлемі 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында – 750 млн. АҚШ долларын (соның ішінде экспорт – 737 млн. 585 мың АҚШ доларын, импорт – 12 млн. 455 мың АҚШ доларын) құрады.

Ағымдағы үкіметаралық комиссияның шеңберінде екіжақты ынтымақтастық, экономикалық өзара әрекеттесу және құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқылануы жоспарлануда. Энергия, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм секілді салаларда біздің мүдделерімізді ілгерілету қажеттілігін атап өтеміз.

Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі мен Грек Республикасы Туризм министрлігі арасында туризм саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюлуы жоспарлануда.

3) Қазақстан-Испания Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы туралы

27 қыркүйекте Астанада Қазақстан-Испания Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтеді. Комиссияның тең төрағалары: Қазақстан тарапынан Ұлттық экономика вице-министрі Әсет Ерғалиев, Испания тарапынан Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшы Шиана Мендес болып табылады.

Испания біздің стратегиялық серіктестеріміздің қатарына кіретіндігін атап өтеміз. Елдеріміз арасындағы сауда айналымның көлемі 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында – 1 млрд. 339 млн. АҚШ млрд. долларын құрады (соның ішінде экспорт – 1 млрд. 237 млн. АҚШ долларын, импорт – 101 753 млн. АҚШ долларын).

Ағымдағы үкіметаралық комиссияның шеңберінде екіжақты ынтымақтастық, экономикалық өзара әрекеттесу және құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланады. Энергия, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм секілді салаларда біздің мүдделерімізді ілгерлету қажет.

Сондай-ақ, Комиссия шеңберінде «Қазақстан-Испания» Іскерлік Кеңесінің 5-ші отырысы өтеді. Іскерлік кеңесінің тең төрағалары – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов және «Maxam» компаниясының президенті Хосе Фернандо Санчес – Хунко.

4) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы адам саудасына қарсы күрес бойынша симуляциялық жаттығулардың өткізілуі туралы

24-28 қыркүйек аралығында Астанада алғаш рет Жаһандық қатерлерге қарсы тұру жөніндегі өңірлік хабтың негізінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының және Ұйымның Бағдарламалар офисінің қолдауымен адам саудасы құрбандарын анықтау және көмек көрсету бойынша халықаралық симуляциялық жаттығулар өтеді. Іс-шараға Еуропа мен Азиядан 14 елдің өкілдері қатысады.

Іс-шара БАҚ өкілдеріне адам саудасының құрбандары болған адамдарды босату бойынша құзыретті органдардың арнайы операцияларына тікелей қатысуға бірегей мүмкіндік береді.

Қосылған : 24.09.2018, 16:45, Өзгертілген : 24.09.2018, 16:45