​Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2018 жылғы 26 қараша

Мазмұны:

1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» халықаралық парламенттік конференциясы туралы;
2) Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігіне арналған пошталық маркасының шығуы туралы;
3) Минскіде өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысы туралы;
4) Бизнес пен инвесторлардың сенімін күшейту мақсатында «Protecting Business and Investments» Бизнес пен инвестицияны қорғау бойынша диалогтық алаң өткізілуі туралы;
5) Қазақстан делегациясының Ауғанстан жөніндегі Женева министрлік конференциясына қатысуы туралы;
6) Канада Генерал-губернаторының Қазақстанға сапары туралы;
7) Қазақстан азаматтары үшін Түркияда болу мерзімін ұзарту туралы;
8) Қазақстан азаматтарына Таиландқа визалық алымдарды уақытша алып тастау туралы.

1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» халықаралық парламенттік конференциясы туралы

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» халықаралық парламенттік конференциясы ашылды.

Конференцияда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылын нығайту және еуразиялық аймақтағы интеграциялық үдерістерді дамыту, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлік қақтығыстарды шешу, сондай-ақ Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтарын жүзеге асыру және елдегі ағымдағы экономикалық, саяси реформаларды жүзеге асыру бойынша халықаралық бастамалары талқыланады.

Конференцияға шетелдік және қазақстандық парламентарилер, саясаткерлер мен сарапшылар қатысуда.

2) Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігіне арналған пошталық маркасының шығуы туралы

Бүгін Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның 2017-2018 жылдарға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігіне арналған пошталық маркасын шығару рәсімін өткізді. Іс-шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев және «Қазпочта» АҚ Басқарушы директоры Бауыржан Айнабеков қатысты.

2017 жылдың қаңтарында Қазақстан 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып Орталық Азия мемлекеттері арасынан алғашқы ел ретінде сайланған болатын. Мұндай жоғары лауазымға дауыс беру кезінде Қазақстан үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының 138 мүшесі дауыс берді. Бұл факт еліміздің жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін мойындау ретінде, сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы жоғары беделін көрсетеді.

Бүгінгі салтанатты рәсім Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында өткізілгені символикалық мәне ие. Атап айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануындағы үлесі негізгі орын алуда.

3) Минскіде өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысы туралы

27 қарашада Минск қаласында үкімет басшылары деңгейінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді.

Отырыстың Күн тәртібі шағын және кеңейтілген құрамдарда қаралатын 23 тармақты қамтиды.

Отырыс барысында Еуразия экономикалық одағы шеңберіндегі интеграциялық өзара іс-қимылдың бірқатар көкейкесті мәселелері қаралмақ. Үкіметтер басшылары қол жеткен уағдаластықтардың аралық нәтижелерін қорытындылап, ЕАЭО-ның одан әрі жұмыс бағыттарын белгілейді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық пен мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданы кеңейту, ішкі нарықтың жұмыс істеуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды жою, сондай-ақ экономиканың жекелеген салаларындағы интеграциялық әлеуетін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Отырыс шеңберінде Еуразия экономикалық одағы шеңберінде Одақтың техникалық регламенттері белгіленбеген өнімнің айналымы тәртібі мен бұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімге қол қою ұйғарылады.

Үкіметаралық кеңестің мүшелері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі шешімдерінің жобаларын, соның ішінде ЕАЭО бюджеті туралы келісетіні, еуразиялық жобаның 25-жылдығы мен ЕАЭО туралы шарттың 5-жылдығын тойлау жөніндегі іс-шаралардың бағдарламаларын, сондай-ақ электр қозғалтқышы бар көлік құралдары өндірісін қамтамасыз ету мен ынталандыру және қолдану жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын бекітетіні жоспарлануда.

Үкіметтер басшылары өзара саудадағы тосқауылдарды жоюға, тарифтік жеңілдіктерді қолдануға қатысты тапсырмаларды іске асыру барысын қарауына ерекше назар аударады.

4) Бизнес пен инвесторлардың сенімін күшейту мақсатында «Protecting Business and Investments» Бизнес пен инвестицияны қорғау бойынша диалогтық алаң өткізілуі туралы

Сондай-ақ, 27 қарашада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстанның инвестициялық климатты жақсарту және мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін күшейту мақсатында «Protecting business and investments» Бизнес пен инвестицияны қорғау бойынша диалогтық алаң өткізілуі жоспарлануда.

Іс-шараның мақсаты – елімізде инвестициялық жобаларды іске асыру барысында квазимемлекеттік ұйымдар мен табиғи монополиялық субъектілердің әрекетімен байланысты жемқорлық тәуекелдерімен күресті талқылау болып табылады.

Сыртқы саяси ведомство бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау бойынша іс-шараларды іске асыруда белсенді қолдау көрсетілуде. Аталған іс-шараның шеңберінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың сөз сөйлеуі жоспарлануда.

5) Қазақстан делегациясының Ауғанстан жөніндегі Женева министрлік конференциясына қатысуы туралы

27-28 қарашада Женевада Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Ауғанстан жөніндегі министрлік конференциясы өтеді. Аталаған іс-шарада Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко басқарады.

Министрлер конференциясы жоғары деңгейде өтеді: шақыру хаттар 76 елге және 25 халықаралық ұйымға жіберілді. Конференция қатысушылары ішкі саяси эволюцияның маңызды сатысынан өтіп келе жатқан Ауғанстанның ұзақ мерзімді саяси және экономикалық дамуының мәселелерін талқылайтыны күтілуде.

Бұдан басқа, іс-шара алаңдарында Еуропалық Одақ ұйымдастыратын байланыс пен инфрақұрылымды дамытудың ортақ түсінігін арттыру мақсатында «Regional Connectivity and Infrastructure» тақырыбында арнайы сайд-ивент өткізіледі.

Роман Василенконың Женеваға сапары барысында бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.

6) Канада Генерал-губернаторының Қазақстанға сапары туралы

3-5 желтоқсанда Қазақстан - Канада қарым-қатынастар тарихында Канада Генерал-губернаторы Жюли Пайетт Қазақстанға алғашқы жұмыс сапармен келеді.

Астанаға жасаған сапары барысында ел басшылығымен өтетін кездесулерде саяси және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-канадалық ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға жаңа серпін беруі тиіс.

Сонымен бірге, Қазақстанға сапары шеңберінде Жюли Пайетт Канаданың ғарышкері Давид Сен-Жактың Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру рәсіміне қатысады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канадаға сапармен 2003 жылы барған болатын, ал 2016 жылы қыркүйек айында оның Қытайдағы өткен «Үлкен жиырмалық» Саммитінің алаңында Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесу өткізді.

Анықтама: Канада Генерал-губернаторы – Мемлекет басшысы және Елизавета II монарх билеушінің өкілі ретінде Канада Қарулы күштерінің бас қолбасшысы.

7) Қазақстан азаматтары үшін Түркияда болу мерзімін ұзарту туралы

Түркия Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қарашадағы Жарлығына сәйкес, бірқатар елдердің, соның ішінде Қазақстан азаматтары Түркияда болу құқығы 30 күннен 90 күнге ұзартылды.

8) Қазақстан азаматтарына Таиландқа визалық алымдарды уақытша алып тастау туралы

Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 15 қарашасынан бастап 2019 жылдың 13 қаңтарына дейін бірқатар елдердің, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін Таиландқа келу кезінде визалық алымдар алып тасталған. Таиландқа келу кезінде туристік визаны басқа кезеңдерде алу құны Тайландтың 2 мың бат болып өзгеріссіз қалады.

Қосылған : 26.11.2018, 16:10, Өзгертілген : 26.11.2018, 16:10