​Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2018 жылғы 4 желтоқсан

Мазмұны:

1) Канада Генерал-губернаторының Қазақстанға сапары туралы;

2) Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Миланда өтетін ЕҚЫҰ Ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысуы туралы;

3) Қазақстандық-британдық саяси консультациялар туралы;

4) Пенитенциарлық мекемелерде экстремистік идеологияның таралуын болдырмау тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдің өткізілуі туралы.


1) Канада Генерал-губернаторының Қазақстанға сапары туралы

3 желтоқсанда Канада Генерал-губернаторы Жюли Пайеттің Қазақстанға жұмыс сапары басталды.

Кеше Байқоңыр ғарыш айлағында Жюли Пайетт Канада астронавты Дэвид Сен-Жактың Халақарылық ғарыш станциясына ұшуын тамашалады.

Бүгін Астанада Канада Генерал-губернаторының Мемлекет басшысымен және Сенат Төрағасымен кездесулері жоспарлануда. Оған қоса, Жюли Пайетт Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өтетін қазақстандық әйел саясаткерлер мен кәсіпкерлердің қатысуымен әйелдер көшбасшылығы тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысады.

Өзінің жұмыс сапарының соңында бүгін сағат 16.00-де Жюли Пайетт «Барыс Арена» мұз сарайында Канада тарапының Қазақстандағы балалар хоккейін дамыту бойынша қолдауы туралы жариялайды. Бұл іс-шараға барлық бұқаралық ақпарат құралдарын шақырамыз. Тиісті анонс бұдан бұрын сіздергі жіберілген болатын.

Ертең, 5 желтоқсанда Канада Генерал-губернаторы Ұлттық ғарыш орталығына барады. Бұл іс-шара соңғы уақытта Қазақстан мен Канада арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастығының оң перспективаларын көрсетіп жүрген даму мүмкіндіктеріне назар аудара алады.

2) Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Миланда өтетін ЕҚЫҰ Ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысуы туралы

6-7 желтоқсанда Милан қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері деңгейінде 25-ші отырысы өтеді. Аталған кездесуге Ұйымның барлық 57 сыртқы істер министрлері қатысуы жоспарлануда.

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов басқарады.

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығы Ұйым қызметінің барлық үш өлшемінде жүзеге асырылады: әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами салада. 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитінде қабылданған «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» атты Астана декларациясының рухын енгізу ең маңызды басымдық болып табылады.

Миландағы министрлердің сессиясында сөйлеген сөзінен басқа, Қазақстан өзара байланыстылық мәселелеріне қатысты сайд-ивент өткізуді жоспарлауда. Оған қоса, Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ институттарының басшыларымен, сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен екіжақты кездесулер өткізеді.

3) Қазақстандық-британдық саяси консультациялар туралы

4-5 желтоқсан аралығында екіжақты Стратегиялық диалог шеңберіндегі кезекті Қазақстандық-британдық саяси консультацияларын өткізу мақсатында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Лондонға жұмыс сапары өтеді.

Сапар барысында Ұлыбританияның Еуропа мен Америка мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Алан Данканмен, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпарламенттік тобының төрағасы Боб Стюартпен, іскерлік топтар өкілдерімен, Қазақстан-Британ қоғамының мүшелерімен және Chatham House талдамалық орталығының басшылығымен жеке кездесулер жоспарлануда.

Сонымен қатар, сапар барысында Роман Василенко Халықаралық қатынастар бойынша еуразиялық кеңестің Қамқоршылық кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысты қатысады. Аталған кеңестің құрамына Еуропалық Одақтың жоғары лауазымды өкілдері, Еуропа елдерінің бірқатар бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері, ірі еуропалық компанияларының, талдау орталықтарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Бұл іс-шараның шеңберінде жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша дәстүрлі панельдік пікірталастар өтеді.

4) Пенитенциарлық мекемелерде экстремистік идеологияның таралуын болдырмау тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдің өткізілуі туралы

5 желтоқсанда Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесе түрмелерде экстремистік идеологияның таратылуын болдырмау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаттары Баға беру миссиясының негізгі қорытындылары мен «қылмыс жасағаны үшін сотталған экстремистік және террористік сотталғандармен жұмыс жасауға күш салу және түрмелерде зорлық-зомбылықты тудыратын радикализацияны болдырмау» бағдарламасының іс-шаралар жоспарының жобасын ұсыну; Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының төтенше экстремистік қамалушылармен жұмыс жасау бойынша Анықтаманы ұсыну және бұл мәселе бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының алғашқы техникалық нұсқаулығы болып табылатын түрмелерде зорлық-зомбылықты болдырмау; сондай-ақ қылмыстық әрекет жасаған үшін сотталған экстремистік және террористік сотталғандармен жұмыс істеуге түзеу мекемелердің қызметкерлерін дайындау бойынша тәжірибемен алмасу болып табылады.

Қосылған : 4.12.2018, 11:45, Өзгертілген : 4.12.2018, 11:45