​Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2018 жылғы 8 қазан

Мазмұны:

1) Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен «Қорғас» шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығына сапары туралы;
2) Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 6-шы съезі туралы;
3) Душанбе қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкімет басшыларының 17-ші отырысы туралы;
4) Сербия Президенті Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары туралы;
5) Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен «Астана» Халықаралық қаржы ортылығы (АХҚО) арасындағы АХҚО-ны дамыту және ілгерілету жөніндегі Жол картасын бекіту туралы Бірлескен бұйрыққа қол қою туралы;
6) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Томас Гремингердің Астанаға сапары туралы;
7) Қазақстан мен Македония арасындағы саяси консультациялар туралы;
8) Нью-Йорк қаласында өткен Инвестициялық конференция туралы.

1) Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың Қорғас» шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығына сапары туралы

6 қазанда Қазақстандағы шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық корпусы Шығыс пен Батыс арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың кеңеюі аясында Қазақстанның өңірлік сауда желілеріне интеграциялануына байланысты мультимодальдық логистикалық хабтың транзиттік әлеуетімен танысу үшін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен «Қорғас» шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығына сапары ұйымдастырылды.
Сапарды еліміздің сыртқы экономикалық басымдықтарын жүзеге асыру және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының озық жобаларын ілгерілету шеңберінде Алматы облысы әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» мен бірлесе отырып, Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.
Іс-шараға Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Америка, африкалық континент елшілері мен дипмиссия өкілдері, сондай-ақ Дүниежүзілік банк, ЭСКАТО, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты бірқатар халықаралық және аймақтық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары қатысты.
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның президенті Қанат Алпысбаев дипломатиялық корпус алдында сөз сөйледі.
Іс-шара барысында «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру Қытайдың Шығыс жағалауы – Ляньюньган портынан Қазақстан мен Қытай шекарасындағы құрғақ порт арқылы теміржол және автокөлік жолдары жүйесі арқылы Каспий теңізінен Еуропаға апаратын оңтайлы логистикалық тізбекпен қамтамасыз еткенін атап өтілді. Аталған логистикалық тізбек Транскаспийлік халықаралық дәліздің контейнерлік мультимодальды бағыттарын байланыстыратындықтан Орталық Азия, Қытай, Кавказ, Түркия және Еуропа елдерінің серіктестері үшін аса тартымды болып табылады.
Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразияның аса маңызды көліктік-логистикалық хабына айналдыру бойынша үлкен міндет қойды. Бұл міндетті және Елбасының соңғы Жолдауында айтылған басқа да тапсырмаларды, асыру мақсатында «Солтүстік - Оңтүстік», «Шығыс - Батыс», «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәліздерінің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Оған қоса, «Нұрлы жол» аясындағы жаңа экономикалық саясатты қытайлық «Белбеу және жол» бастамасымен үйлестіруді, сондай-ақ Қазақстанның өңірлерін «Қытай - Иран» континентаралық магистральдарымен және Кавказ бен Ресей арқылы өтетін дәлізімен байланыстыру жұмысы іске асырылуда.
Қазіргі уақытта қазақ-өзбек шекарасындағы ұқсас шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығының құрылуы зерттелуде, бұл біздің өзбек әріптестерімізбен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге және шекаралық сауданы дамытуға қосымша серпін береді.

2) Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 6-шы съезі туралы

10-11 қазан аралығында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін» атты тақырыбымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 6-шы съезі өтеді.
Съездің жұмысына 80-нен астам делегация, оның ішінде ислам, христан, буддизм, иуадизм, индуизм, даосизм, синтоизм сияқты діни конфессиялардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады. Форумға саяси қайраткерлері де қатысады, оның ішінде Сербия Президенті Александр Вучич, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Томас Гремингер, Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер Альянсының жоғары өкілі Насир Абдулазиз Аль-Насер, «Діндер бейбітшілік үшін» дүниежүзілік ұйымының Бас хатшысы Уильям Вендли және тағы басқалар.
Съездің жұмысы төрт секциядан тұрады:
1-секция - «Әлем. XXI ғасыр» Манифесті жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде»;
2-секция - «Өзгеріп жатқан геосаясаттағы діндер: адамзатты нығайтудың жаңа мүмкіндіктері»;
3-секция - «Дін және жаһандану: проблемалар мен жауаптар»;
4-секция - «Діни лидерлер және саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді жеңу жолында».
Съезд жұмысының нәтижелері бойынша қорытынды декларацияның қабылдануы жоспарлануда.

3) Душанбе қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкімет басшыларының 17-ші отырысы туралы

11-12 қазан аралығында Тәжікстан Республикасының Премьер-министрі Кохир Расулзоданың төрағалығымен өтетін Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкімет басшыларының 17-ші отырысы өтеді.
Шараның қорытындысы бойынша Бірлескен коммюнике қабылданып, Шанхай ұйымы аясындағы көпжақты ынтымақтастық жөнінде бірқатар шешімдер мен құжаттарға, оның ішінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалған Шынхай ынтымақтастық ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылуы жоспарлануда.
Аталған отырысқа Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуы жоспарлануда.

4) Сербия Президенті Александр Вучичтің Қазақстанға сапары туралы

8-10 қазан аралығында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтады.
Сапар бағдарламасында – екі ел президенттерінің келіссөздері, Қазақстан-Сербия іскерлік форумының жұмысына және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің ашылуына қатысу.
8 қазанда Астанада Қазақстан мен Сербия арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 2-ші отырысы өткізілуі жоспарлануда. Аталған іс-шараның күн тәртібіне сауда-экономикалық, геология, құрылыс, ауыл шаруашылық, көлік, туризм салалардағы ынтымақтастық мәселелері кіреді. Комиссияның Қазақстан тарапынан тең-төрағасы ретінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ал Сербия тарапынан - Экономика министрі Горан Кнежевич болып табылады.
Үкіметаралық комиссияның алғашқы отырысы 2016 жылдың 22-23 тамызында Белград қаласында өткен болатын. 2018 жылдың қаңтар-шілде кезеңінде екі жақты сауданың көлемі 16,7 АҚШ миллион долларын құрады. Қазақстанда 20-дан астам сербиялық кәсіпорындар тіркелген. Олардың көбісі көтерме және бөлшек саудамен, сондай-ақ тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысымен айналысады.
Сонымен қатар, сапар барысында бірқатар маңызды келісімдерге қол қоюлуы жоспарлануда. Соның ішінде Қазақстан мен Сербия үкіметтері арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім және Қазақстанның қоғамдық даму министрлігі мен Сербияның Жастар саясаты және спорт министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

5) Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен «Астана» Халықаралық қаржы ортылығы (АХҚО) арасындағы АХҚО-ны дамыту және ілгерілету жөніндегі Жол картасын бекіту туралы Бірлескен бұйрыққа қол қоюлуы туралы

8 қазанда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың «Астана» Халықаралық қаржы ортылығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетовпен кездесуі өтеді.
Кездесу барысында тараптар «Астана» Халықаралық қаржы ортылығының халықаралық аренадағы қазіргі дамуы мен оны ілгерілету бойынша келісімшартардың іске асыруын талқылайды. Кездесу нәтижесінде Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы арасында АХҚО-ны дамыту және ілгерілету жөніндегі Жол картасын бекіту туралы Бірлескен бұйрыққа қол қоюлуы жоспарлануда.
Жалпы алғанда, АХҚО-ны шетелде ілгерілету мәселесі еліміздің сыртқы экономикалық саясатының маңызды басымдығы болып табылады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелерінің желісі арқылы АХҚО-ның шет елдердегі контрәріптестерімен байланыстарды нығайтуға белсенді қатысады және Орталықты құру және насихаттау бойынша АХҚО-ның күш-жігеріне толық қолдау көрсетеді.
2016 жылғы 4 наурызда Министрлік және АХҚО арасында қол қойылған бірлескен іс-шаралардың Жол картасының аясында Экспат-орталықты, исламдық қаржыландыруды, жасыл технологиялар дамытуға, дөңгелек үстелдерді, роуд-шоуларды, баспасөз конференцияларды және шетелдік БАҚ өкілдерімен сұхбаттарды ұйымдастыруға қолдау көрсетілді.
Алдыңғы жол картасы АХҚО-ға дайындық жұмыстарда және әлемдік қаржы институттармен байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ Орталықтың халықаралық имиджін ілгерілетуге бағытталған болатын. Оның мақсаттары толығымен іске асырылды.
Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде өткен «Астана» Халықаралық қаржы ортылығының салтанатты ашылу рәсімінен кейін АХҚО-ның алдағы даму бойынша жұмыстың көлемі мен мақсаттардың спектрі кеңейтілді. Оның нәтижесінде Сыртқы істер министрлігі мен АХҚО арасында жаңа Жол картаны әзірлеуге және оған қол қоюға қажеттілік туындады. Бұл құжат өз мазмұны бойынша жоғары ауқымды болып табылады, сондай-ақ тәжірибелік сипатқа ие және АХҚО-ның өңірлік және халықаралық қаржы хаб ретінде рөлін одан әрі ілгерілетуге бағытталған.

6) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Томас Гремингердің Астанаға сапары туралы

10-11 қазан аралығында Астанаға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезіне қатысу үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Томас Гремингер сапармен келеді. Сапары барысында Томас Гремингер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов және Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен екіжақты кездесулер өткізеді
Жоғарыда аталған кездесулер аясында Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланады.
Сондай-ақ, сапары шеңберінде Томас Гремингер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы 20-жылдығына арналған халықаралық конференцияның ашылуына қатысуы күтілуде.

7) Қазақстан-Македония арасындағы саяси консультациялар туралы

12 қазанда Астанада Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Македония Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Жерновскийдің басшылығымен өтетін саяси консультациялар жоспарлануда. Консультациялардың күн тәртібіне саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, шарттық-құқықтық база, консулдық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері кіреді.

8) Нью-Йорк қаласында өткен Инвестициялық конференция туралы

Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың қаңтар айында Америка Құрама Штаттарына сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында 4 қазанда Нью-Йорк қаласында «Өзгеріп жатқан Еуразиядағы Қазақстан» атты тақырыбында Инвестициялық конференция өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев бастаған қазақстандық делегация еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
Конференцияға «Baker & McKenzie», «Chevron», «General Electric Transportation Digital», «RocketSpace Capital» сияқты ірі халықаралық корпорациялардың 250-ден астам өкілдері қатысты. АҚШ-тың іскер топтар Қазақстанда іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ауқымды реформалар бағдарламасының нәтижелерімен, еліміздің өңірлік және жаһандық сауда жүйесіне интеграциялануы, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қызметімен және «Astana Hub» халықаралық IТ-стартаптар технопаркінің құру барысымен танысты.
Конференция алаңдарында Қазақстан делегациясы бірқатар ірі американдық компаниялардың басшылығымен екіжақты кездесулер өткізіп, олардың барысында энергетика, көлік және логистика, ақпараттық технологиялар, металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылық, азық-түлік, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, сауда салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Конференцияның қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге, оның ішінде өзара сауда миссияларын ұйымдастыру арқылы күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.

Қосылған : 8.10.2018, 19:00, Өзгертілген : 8.10.2018, 19:00