Қазақстандағы алдағы президенттік сайлау бойынша Қазақстан Елшісінің брифингі

БАКУ, 2019 жылғы 22 мамыр – Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Бейбіт Исабаев әзербайжандық БАҚ өкілдері үшін еліміщдегі алдағы президенттік сайлау бойынша брифинг өткізді.

Қазақстан Елшісі елде болып жатқан ішкі саяси үдерістері және алдағы сайлауға дайындық барысы туралы журналистерді ақпараттандырды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басшысы ретінде өкілеттігін тоқтату туралы тарихи шешімі және ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы лауазымға кірісуі туралы айта келе, Б.Исабаев Қазақстандағы жоғары биліктің ауысуы бейбіт және Конституцияға сәйкес өткенін атап өтті. Елші қазіргі Президент Қ.Тоқаев қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету, белгісіздіктердің алдын алу, ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтау үшін кезектен тыс сайлау жариялағанын және бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық міндеттерін одан әрі шешуде ерекше маңызды екенін қоса айтты.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Қазақстан өзінің халықаралық міндеттемелерін ұстанатыны және ұлттық мүдделері мен басымдықтарына сәйкес үйлестірілген сыртқы және экономикалық саясатын жүргізуін жалғастыратыны туралы мәлімдеді.

Брифинг барысында алдағы сайлау Қазақстанның заманауи тарихындағы ең бәсекелесті қабілетті сайлау болатыны айтылды. Ел президенті лауазымына 7 кандидат бекітіліп, қазіргі таңда олар сайлау алдындағы насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізіп отыр.

Б. Исабаев алдағы сайлауда 10 халықаралық ұйымнан, сондай-ақ шет мемлекеттерден сайлау процесіне мониторинг жүргізетін 1000-нан астам халықаралық бақылаушылар күтілетініне назар аударды.

«Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы 125 халықаралық бақылаушыны тіркеді. Тіркеу үдерісі жалғасуда. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД миссиялары Қазақстанда өз штабтарын ұйымдастырып, еліміздің барлық өңірлерінде сайлау процесіне мониторинг жүргізуге кірісті. Әзербайжанның өкілдері де Президент сайлауына бақылаушы ретінде шақырылды. Олар өз елінің атына, соның ішінде Орталық сайлау комиссиясынан, Әзербайжан Милли Меджлисінен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар атынан халықаралық бақылаушылар миссияларының құрамында қатысатын болады. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, әзербайжандық делегациясының құрамына 40-тан астам адам кіреді», - деді Қазақстан дипломаты.

Брифинг соңында Елші Әзербайжанда тұратын және сайлау күні Әзербайжанға келуді жоспарлап отырған Қазақстан азаматтары үшін Қазақстанның Бакудағы Елшілігі жанында ұйымдастырылған сайлау учаскесі ү.ж. 9 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлады.

Сөз соңында Дипломатиялық миссияның басшысы екі ел арасындағы барлық салаларды қамтитын екіжақты қарым-қатынастар Қазақстанның жаңа басшылығы кезінде де қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қосылған : 22.05.2019, 17:00, Өзгертілген : 22.05.2019, 17:00