Қазақстан Республикасы мен Мексика Құрама Штаттары арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Мексика арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 13 сәуір күні орнатылды.

Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Андриан Елемесов (2015 ж. бастап).

Қазақстандағы Мексиканың Елшісі қызметін қоса атқарушы (Анкара қ. резиденциясымен) Бернардо Кордова Тело (2018 ж. бастап) болып табылады.

Мемлекеттер арасындағы екіжақты байланыстар ең жоғарғы және жоғарғы деңгейде қолдау табуда. Қытайда өткен Боао Азиялық форумы аясында ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Мексика Президенті Э.Пенья Ньетоның кездесуі өтті (7 сәуір 2013 ж.). Сол жылы екі ел Президенттері Ресейде өткізілген «G20» Саммиті аясында (5 қыркүйек 2013 ж.) және Вашингтон қаласында Ядролық қауіпсіздік Саммитіне қатысу шеңберінде кездесті (1 сәуір 2016 ж.).

2014 ж. қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Мексикаға алғашқы ресми сапары ұйымдастырылды. 2017 ж. тамызда Астанада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаевтың қатысуымен қазақстандық-мексикалық СІМаралық консультациялардың алғашқы отырысы өткізілді.

Астанада халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 Көрмесін өткізу және Көрмеде Мексика Латын Америка елдері павильоны арқылы ұсынылғаны екі ел арасындағы диалогтың дамуына өз үлесін қосты. ЭКСПО аясында Мексиканың Сыртқы істер министрінің орынбасары К.де Икаса Астанада сапармен болды.

Қазақстандық-мексикалық ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі саяси консультациялар, визалық және т.б. салаларында қол қойылған құжаттардан тұрады.

Екіжақты тауар айналымының көлемі 2018 ж. 79,7 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 3,2 млн. АҚШ долл., импорт – 76,4 млн. АҚШ долл.).

Қосылған : 22.08.2014, 13:15, Өзгертілген : 25.07.2019, 16:30