Түрікменстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні аясында 2018 жылдың 29-30 қарашасында Ашғабатта Қазақстанның мәдениет күндері өтті.

Іс-шара бағдарламасына сай, Маңғыстау облысының өнер шеберлері мен шығармашылық ұжымдары концерт қойып, дәстүрлі қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Салтанатты шараны Қазақстан және Түрікменстан өнер шеберлерінің гала-концерті аяқтады.

Қазақстан делегациясын Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ерлан Қожағапанов бастап келді.

Жергілікті қауым, академиялық топтар, студенттер, қазақ диаспорасы, сондай-ақ, дипломатиялық миссиялар өкілдері концерттер мен көрмені тамашалады. Жиылған көрермен жұрт алдында сөйлеген Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі Жандос Асанов осы мәдениет күндерінің қазақстан-түрікменстан қатынастарындағы тағы бір жарқын оқиға болғанын, екіжақты байланыстардың екі елдің жетекшілері – Президент Нұрсұлтан .Назарбаев пен Президент Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың бірлесе әрекеттесуінің арқасында тереңдеп әрі өрістеп жатқанын айтып өтті.

Қосылған : 4.12.2018, 18:00, Өзгертілген : 4.12.2018, 18:00