​Инвесторлар мен бизнесті қорғау жөніндегі жобалық бюро: Қазақстанның экономикалық дипломатиясының тиімді механизмі

АСТАНА, 2018 жылғы 27 қараша - Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың шақыруы бойынша «2018 жылғы «Protecting Business and Investments» жобасын іске асыру нәтижелері» диалогтық алаңының жұмысына қатысты. Бұл кездесуде шетелдік және отандық бизнес-құрылымдардың өкілдері алдында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетов сөз сөйледі.

Іс-шараның басты мақсаты – Офистің атқарылған жұмыстың бірінші нәтижелерін, атап айтқанда, инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі табиғи монополиялық субъектілер мен квазимемлекеттік ұйымдардың тарапынан «ар-ұяттылықты» қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мәселелерді талқылау болды.

Сырты саяси ведомство Жобалы офистағы өз қызметі шеңберінде тұрақты түрде проблемалық мәселелердің мониторингін іске асырады, шетелдік инвесторлардың жүгінулерін пысықтайды және туындыйтын мәселелерді шешу үшін биліктің тиісті органдарын қатыстырады.

«Жалпы, Қазақстан Үкіметі Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттарына және әлемдік үздік тәжірибеге сәйкес шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климат жасау бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда Қазақстанда жеңілдетілген салықтық және визалық режим қызмет етуде, үнемі ұлттық заңнама жетілдірілуде және инвестициялық артықшылықтар жинағы кеңейтілуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында елдің даму осы мен келесі кезеңдегі шетелдік инвестициялардың рөліне ерекше назар аударды» - деп атап өтті Министр.

Бизнеске талқылатын мәселердің өзектілігін ескере отырып, кездесуде жан-жақты дискуссия ашылды. Іскерлік қоғамдастық өкілдері Министрдің кәсіпкерлер мен инвесторлардың қызығушылығын қорғау саласындағы біздің еліміздегі белсенді заңнамалық база туралы тезисімен келісті. Оған қоса, отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету және сыртқы нарықтарға шығу бойынша Үкіметтің, әсіресе Сыртқы істер министрлігінің қолдау көрсету бойынша шаралары қолдаушылық тапты.

Өткен диалогтік алаң 2018 жылғы 11 сәуірде қол қойылған СІМ, ИДМ және МҚІСЖҚІА арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандум іске асыру шеңберіндегі қолайлы инвестициялық климат құру және инвесторлардың сенімін арттыру бойынша бірлескен іс-шаралар сериясын жалғастыруболып табылады.

Белгілі болғандай, 2018 жылғы 23 қазанда СІМ алаңында Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халықаралық бизнес қауымдастықтары өкілдеріне арналған Қазақстан Республикасындағы ивестициялық қызметін жүзеге асыру кезіндегі инвесторлардың құқығын қорғау туралы брифинг өтті.

Қосылған : 27.11.2018, 19:10, Өзгертілген : 27.11.2018, 19:15