ЕО Қазақстан және Орталық Азиямен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Осы орайда өңірмен ынтымақтастық жөніндегі жаңа Стратегиясы жасап шығарылатын болады

БРЮССЕЛЬ, 2017 жылғы 12 қыркүйек – Еуропалық Одақ Қазақстан және Орталық Азиямен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі және өңір алдында тұрған сын-тегеуріндерге қарсы бірлесіп әрекет жасау бойынша стратегиялық бағытына берік.

Осы түйін ү.ж. 12 қыркүйекте Брюссель қаласында ЕО Кеңесінің эстондық төрағалығы мен Германияның федералдық сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша Стратегиясына 10 жыл: алға бастар жол» атты халықаралық конференцияның басты қорытындысы болды.

Конференцияға қатысқан адамдар саны және олардың жоғары деңгейлері аталған стратегияны іске асыру мәнмәтінінде тараптардың Еуропалық Одақ және Орталық Азия арасындағы байланыстарды дамытуға және нығайтуға қызығушылықтарының дәрежесін көрсетті.

Конференцияға ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Питер Буриан, Германияның СІМ Мемлекеттік министрі Маркус Эдерер, Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің (ЕСІҚ, ЕО сыртқы саяси ведомствосы) Ресей, Шығыс серіктестік, Орталық Азия және ЕҚЫҰ жөніндегі департамент директоры Люк Девинь және Еуропалық Комиссияның, ЕСІҚ, ЕҚЫҰ, сондай-ақ ЕО, ОА мемлекеттерінің және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Конференцияда Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина басқарды.

Қатысушылар биылғы жылы мамыр айында 10 жылға толған ЕО-ның ОА бойынша Стратегиясы шеңберінде әрекеттестікті және соның атымен жүргізіліп келе жатқан іс-шараларды, сондай-ақ оны қазіргі заман талаптарына сәйкестендіру бойынша жоспарларды талқылады. Күн тәртібінің ең басты тақырыбы ретінде жаңа геосаяси жағдайды, ауысып келе жатқан талаптарды және Орталық Азия елдерінің мүмкіндіктерін ескеретін 2019 жылдың соңында қабылдануы көзделген жаңа Стратегия мәселесі болды.

Еуроодақ өкілдері біздің өңірмен ынтымақтастықты дамыту Еуропалық Одақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік саясатының Жаһандық Стратегиясында маңызды орын алатынын атап өтті. ЕО Орталық Азиямен терроризмге, контрабандаға және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласында, сондай-ақ көліктік, сауда және энергетикалық өзара байланысты дамытуға ниетті.

П. Буриан өз сөзінде «ЕО-ның Орталық Азия бойынша Стратегиясы ұзақ мерзімді серіктестіктің негізін қалап, ЕО мен Орталық Азияның бес мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастардың едәуір нығайуына әкелді. Еуропалық Одақ Стратегияның іске-асырылу жылдары бойы зор тәжірибе жинап, басымды салаларда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Енді біз жиналған тәжірибені ескере отырып жаңа құжатты дайындайтын боламыз», - деді.

Р. Василенко өз кезегінде ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздестіру қажеттілігіне назар аударды. Қазақстандық дипломат өңірдің экономикалық әлеуетін дамыту маңыздылығын, соның ішінде кіші және орта бизнеске жаңа мүмкіндіктер ұсыну, сондай-ақ тиімді энергетиканы қамсыздандыру, ОА-дағы транзиттік-көліктік инфрақұрылымды одан әрі дамыту және білім беру саласындағы жобаларды іске асыруды атап өтті. Осының бәрі сәтті іске асырылған жағдайда Орталық Азияны жаһандық экономикалық байланыстардың буыны ретінде қалыптастыратын болады. З. Баймолдина өз сөзінде Ұлт жоспары «100 нақты қадам» және Үшінші жаңғырту аясында елімізде жүргізіліп жатқан құқық жүйесі реформасының басты басымдықтары туралы баяндап берді. Осы орайда аталған салада еуропалық тараппен тығыз әрекеттестік орнатудың зор әлеуетінің бар екендігіне назар аударды.

Конференция алдында Р. Василенко ЕСІҚ Бас хатшысы Жан-Кристоф Бейярмен, П. Бурианмен және Еурокомиссияның даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Бас директоратының басшысы Клаус Рудишхаузермен жеке екіжақты кездесулер өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылып, 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған жаңа Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық Келісіміне (КӘЫК) сәйкес құрылған тетіктердің шеңберіндегі нәтижелі әрекеттестікті атап өтті.

Негізінен жаһандық экономикалық жағдайларға байланысты соңғы екі жылда Қазақстан мен ЕО арасындағы жалпы сауда көлемінің қысқаруына қарамастан, 2017 бірінші жартысының нәтижелері оң динамика көрсетіп келеді, осы орайда тараптар екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастары өсуінің зор әлеуеті бар екеніне келісті. Мысал ретінде, ҚР мен ЕО арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30 пайызға артты. Сонымен бірге, Қазақстан және ЕО ағымдағы көрсеткіштерді арттыру мақсатында бар күш-жігерлерін жұмсауға ниетті. Осы тұрғыда тараптар КӘЫК экономиканың басым секторларында ынтымақтастықты тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп атап өтті.

2016 жылдың мамырынан бастап жартылай қолданысқа енген Келісімді қол қою сәтінен бастап бір жарым жыл ішінде ЕО-ны жартысынан көп мүше мемлекеттері ратификациялады.

Келешегі бар бағыттардың дамуына үлкен мән бере отырып, тараптар азаматтар мен бизнес арасындағы байланыстарды орнату мәселелерін талқылады. Осы орайда, қазақстандық тарап еуропа елдеріне баратын ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастау қажеттігіне назар аударды.

Халықаралық күн тәртібін талқылау барысында ЕО өкілдері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана процессі шеңберінде Сириядағы жағдай бойынша келіссөздерді ұйымдастыру, соның ішінде жаһандық қауіпсіздікті және халықаралық терроризмге қарсы күресті күшейтуде халықаралық ынталардағы елеулі үлесін атай отырып, сыртқы саясатын жоғары бағалады.

Еуропалық әріптестер Қазақстанды баламалы энергия көздерін дамыту арқылы жаһандық экологиялық проблемаларды шешу жұмысына елеулі үлес қосқан «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің сәтті аяқталуымен құттықтады. Р.Василенко еуропалық әріптестерді «ЭКСПО-2017» негізінде құрылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартаптар халықаралық хабы, «Болашақ энергиясы» жасыл технологияларды дамыту Орталығы сияқты жобаларға қатысуға шақырды.

Қосылған : 13.09.2017, 09:05, Өзгертілген : 13.09.2017, 09:05