Falcon 9 Жер орбитасына екі қазақстандық спутникті шығарды

2018 жылғы 3 желтоқсанда Falcon 9 тасығыш-зымыран KazSTSAT және KazSciSat-1 атты екі қазақстандық спутникті Жердің орбитасына шығарды.

KazSTSAT Ұлыбритания Премьер-Министрі Д.Кэмеронның Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде жасалып шығарылды. KazSTSAT спутнигін жобалау, құрастыру және сынау бойынша барлық жұмыстар Гилфорд қаласындағы (Біріккен Корольдік) «Surrey Satellite Technology» компаниясының өндіріс орындарында 15 адамнан тұратын «Ғалам» ЖШС инженерлер тобының қатысуымен өткізілді.

Екінші спутник – KazSciSat-1 – қазақстандық мамандармен Алматы қаласында «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС базасында құрылды.

Қосылған : 4.12.2018, 07:00, Өзгертілген : 4.12.2018, 07:00