Француз БАҚ өкілдері Қазақстандағы президенттік сайлауға дайындық барысымен танысты

ПАРИЖ, 2019 жылғы 22 мамыр - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев болу елінің алдыңғы қатарлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін өткізген брифинг барысында Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы кезектен тыс сайлауының негізгі аспектілерін түсіндірді.

Іс-шараға «Le Figaro», «Le Journal du Dimanche», «L'Opinion» және «Valeurs Actuelles» сынды рейтингтік басылымдар мен «RTL» радиосының журналистері қатысты.

Елші брифинг қатысушыларына алдағы сайлауды дайындау мен өткізу барысы және президенттікке кандидаттар туралы ақпарат берді, сондай-ақ халықаралық байқаушылар мен шетелдік журналистерді аккредиттеу рәсімімен таныстырды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін ашық сайлауды қамтамасыз етуге уәде берді. Біз сіздерді осыған көз жеткізулеріңізге және еліміздің саяси өміріндегі маңызды оқиғаның біріне куә болуларыңызға шақырамыз», - деді Ж.Ғалиев.

Екі сағатқа созылған ашық және құрылымды тілдесу барысында дипломат француз БАҚ-тарының көптеген сұрақтарына, сондай-ақ елдің әлеуметтік-саяси жағдайы мен оның халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі орны, экономикалық дамудың негізгі факторлары мен энергетикалық нарықтардағы мемлекеттік саясаты және жаһандық жылынудың біздің елге әсері туралы мәселелерге жауап берді. Қазақстанның демократиялық үдерістерінің дамуына жасалып жатқан жағдай, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған мемлекеттің күш-жігері, сондай-ақ елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша қабылданған шаралар туралы мәселелері қызу талқыланды.

Қазақстанның Франциямен екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі ұлғайтудың перспективалары және шетелдік инвесторлардың заңды құқықтарын тартуға және қорғауға бағытталған еліміздің саясаты, сондай-ақ үкіметтің әлемнің ең дамыған 30 мемлекеті қатарына қосылу стратегиясы кездесуге қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Қосылған : 22.05.2019, 15:00, Өзгертілген : 22.05.2019, 15:00