Қазақстан мен Мысыр СІМ басшылары құрықталған қазақстандық азаматтарға қатысты ахуалды талқылады

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мысыр сыртқы саяси ведомствосының басшысы Самех Шукримен телефон арқылы әңгімесі барысында алты қазақстандық азаматтардың Каирде ұстап әкетілуі бойынша ахуалды талқылады. Телефон арқылы сұбат 27 шілденің кешінде қазақ тарапының бастамасымен орын алды.

Қазақстан мысырлық биліктерден жас адамдардың ұстап әкетілу себептері мен олардың қазіргі таңда болу мекенжайы, денсаулықтары туралы толық ақпаратты күтіп отыр, деді Қ. Әбдірахманов. Ұстап алынғандардың барлығымен Қазақстан консулының кездесуін ұйымдастыру қажет.

С. Шукри қойылған сұрақтарды толығымен түсініп отырғанын және олардың дәйектілігін айтып, бұл мәселелерді шешуде барынша жәрдем көрсетуге уәде берді.

Сондай-ақ, министрлер әңгіме барысында негізін жоғарғы деңгейдегі кездесулер қалаған екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық жәнее мәдени-гуманитарлы ынтымақтастықтың сәтті дамуын талқылады.

Қосылған : 28.07.2017, 09:55, Өзгертілген : 28.07.2017, 09:55