Қазақстан азаматтары шетелде Президент сайлауына қатыса алады 

НҰР-СҰЛТАН - Белгілі болғандай, 2019 жылы 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Еліміздің Конституциясына сәйкес, сайлау құқығынан айырылмаған, шетелде уақытша жүрген Қазақстан азаматтарының барлығы дауыс беруге қатысуға мүмкіндігі бар.

ҚР СІМ ұсынысы негізінде, қалалық Нұр-Сұлтан аумақтық сайлау комиссиясымен 51 шет мемлекетте 64 сайлау учаскесі ашылды. Олардың мекен-жайлары туралы ақпаратты келесі сілтеме бойынша http://mfa.gov.kz/ru/content-view/vybory-prezident..., сондай-ақ www.election.gov.kz сайтында көруге болады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 24-бабының 8-тармағына сәйкес, шет мемлекеттердегі ҚР өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімі дауыс беру күніне дейін өзектіленетін болады. Бүгінгі күні 15 мыңға жуық Қазақстан азаматтары шетелде дауыс беруді жоспарлайды.

Сайлаушылардың тізімі Қазақстан Республикасының өкілдіктеріне берілген азаматтардың жазбаша өтініштері, сондай-ақ ҚР аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларда болатын азаматтар туралы ақпарат негізінде жасалады. Сондай-ақ жеке шақырулар бойынша шет мемлекеттерде, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларда және консулдық есепке тұрған азаматтар туралы ақпарат маңызды.

Осыған байланысты, шетелге шыққан әрбір Қазақстан азаматы өз деректерін сайлаушылар тізіміне енгізу туралы алдын ала Қазақстанның шетелдік өкілдігіне өтініш жасай алады.

Қосылған : 7.06.2019, 20:00, Өзгертілген : 7.06.2019, 20:00