Хорват компаниясы ҚР денсаулық сақтаудың интеграциялық тұғырнама жобаны және электронды денсаулық паспорттарын енгізуді жүзеге асырады

ЗАГРЕБ, 2019 жылғы 16 қаңтар - ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Төлежан Барлыбаев Қазақстандағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау үшін «Ericsson Nikola Tesla» (ENT) басшылығымен кездесті.

Келіссөздер барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ENT арасында интеграциялық денсаулық сақтау тұғырнамасының жобасын жүзеге асыру барысы қарастырылды, оның негізінде 2018 жылы қазақстандықтарға электрондық денсаулық паспорттарын енгізу басталды.

ENT-ның президенті Гордана Ковачевич Қазақстандағы денсаулық сақтаудың интеграциялық тұғырнаманы әзірлеу келісімшарттың сәтті жүзеге асыруын атап өтті. Жұмыстың қорытындысы өткен жылдың қазан айында өткен «Digital Health Astana» Халықаралық көрмесінде пациенттердің клиникалық деректерді жинаудың басталуына жеткізді.

Қазақстанға жеткізілетін бағдарламалық жасақтама «Ericsson Nikola Tesla» компаниясының ең соңғы дамуы және әлемнің жетекші технологияларының бірі екендігі атап өтілді. Компания электрондық денсаулық сақтау паспорттарын пилоттық енгізу аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен жұмысын жалғастыруда.Биылғы жылы қазақстандықтар үшін ЭДП-дың толық көлемде енгізуі жоспарлануда. 2025 жылға қарсы әрбір қазақстандықтың цифрлық денсаулық паспорты болады.

Қазақстан Елшісі «Ericsson Nikola Tesla» компаниясының басшылығына Қазақстана Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына цифрлық технологияларды енгізу және медициналық қызметтер сапасын арттыру туралы Жолдауында қойылған міндеттер туралы хабарлады. Дипломат хорват IT-мамандарын Қазақстанның үшінші жаңғыруының басымдықтарымен, сондай-ақ «Қазақстандағы 2018-2020 жылдарға арналған «Digital Kazakhstan 2018-2020» мемлекеттік бағдарламасымен танысты. Қазақстанның цифрлық экономикасын құру шеңберінде салалық жобалар бойынша ынтымақтастық туралы ұсыныстар дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.

Қосылған : 17.01.2019, 13:20, Өзгертілген : 17.01.2019, 13:20