Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Ішкі аудит қызметінің 2018 жылғы I тоқсандағы жүргізген
мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ҚР СІМ ІАҚ) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі бекіткен 2018 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, 2018 жылғы 1 тоқсанда Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде 6 аудиторлық іс-шаралар жүргізді.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша аудитпен қамтылған жалпы бюджеттік қаражат сомасы 11 550,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде анықталған бұзушылықтар сомасы 75,7 млн. теңге, бұзушылықтар сыныптауышы тұрғысында төмендегідей көрсетілген:
- сомасы 3,9 млн. теңге қаржының бюджетке (кіріс бөлігі) түсуі кезіндегі бұзушылықтар;
- сомасы 3,9 млн. теңге мемлекеттің бюджеттік қаражатын және активтерін пайдалану кезіндегі бұзушылықтар;
- сомасы 67,9 млн. теңге бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру кезіндегі бұзушылықтар.
Оның ішінде, 3,6 млн. теңге - республикалық бюджет кірісіне өтеуге жататын сома, 0,23 млн. теңге - бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататын сома.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша аудит объектілеріне ішкі аудит нәтижелері туралы есеп, анықталған бұзушылықтарды және кемшіліктерді жоюға арналған шешімдер және ұсынымдар жолданды.
2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикалық бюджет кірісіне 3,6 млн. теңге өтелді.
Ішкі мемлекеттік аудит бойынша бірыңғай деректер базасына қалыптастыру үшін аудиторлық іс-шаралар материалдары уәкілетті органға уақытылы жолданып отырады.