​Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметінің 2019 жылдың I жартыжылдығында жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпараты

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ҚР СІМ ІАҚ) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі бекіткен 2019 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2019 жылдың I жартыжылдығында 5 аудиторлық іс-шаралар жүргізді.

Аудитпен қамтылған жалпы бюджеттік қаражат сомасы 13 059,61 млн. теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтар жалпы сомасы 76,09 млн. теңге, бұзушылықтар сыныптауышы тұрғысында төмендегідей көрсетілген:

- сомасы 13,11 млн. теңге қаржының бюджетке түсуі кезіндегі бұзушылықтар;

- сомасы 13,29 млн. теңге бухгалтерлік, бюджеттік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру кезіндегі заңнамалар бұзушылықтары, сомасы 0,68 млн. теңге күрделі жөндеу кезіндегі бюжеттік қаражаттарды пайдаланудағы бұзушылықтар, сомасы 48,99 млн. теңге өзге де бұзушылықтар.

Оның ішінде 0,84 млн. теңге - республикалық бюджет кірісіне өтеуге жататын сома, 0,68 млн. теңге - бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататын сома.

Аудит объектілеріне 5 аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға шешімдер жолданып, уақытылы орындалды.

2019 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі бойынша республикалық бюджет кірісіне 0,84 млн. теңге өтеліп, бухгалтерлік есеп бойынша 0,68 млн теңге қалпына келтірілді.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша бір лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қосылған : 10.07.2019, 14:00, Өзгертілген : 10.07.2019, 15:00