Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметінің 2018 жылдың I жартыжылдығында жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпараты

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ішкі аудит қызметі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі бекіткен 2018 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2018 жылдың I жартыжылдығында Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде 11 аудиторлық іс-шаралар жүргізді.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша аудитпен қамтылған жалпы бюджеттік қаражат сомасы 16 137,25 млн. теңгені құрады, оның ішінде анықталған бұзушылықтар сомасы 628,05 млн. теңге, бұзушылықтар сыныптауышы тұрғысында төмендегідей көрсетілген:

- сомасы 141,04 млн. теңге қаржының бюджетке (кіріс бөлігі) түсуі кезіндегі бұзушылықтар;

- сомасы 3,9 млн. теңге мемлекеттің бюджет қаражатын және активтерін пайдалану кезіндегі бұзушылықтар;

- сомасы 289,88 млн. теңге бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі бұзушылықтар;

  • -өзге де бұзушылықтар 193,24 млн. теңге.

Оның ішінде 4,37 млн. теңге - республикалық бюджет кірісіне өтеуге жататын сома, 0,85 мың теңге - бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататын сома.

Аудит объектілеріне 10 аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша ішкі аудит нәтижелері туралы есеп, әрі анықталған бұзушылықтарды және жоюға жөніндегі шешімдер (өкімдер) және ұсынымдар қарауға жолданды.1 объект бойынша аудиторлық іс-шара материалдары Министрлік басшылығының қарауында жатыр.

Ағымдағы жылдың 1 шілдедегі жай-күйі бойынша республикалық бюджет кірісіне 4,09 млн. теңге өтеліп, бухгалтерлік есеп бойынша 0,07 мың теңге қалпына келтірілді.

Ішкі мемлекеттік аудит бойынша бірыңғай деректер базасына қалыптастыру үшін аудиторлық іс-шара материалдары уәкілетті органға уақытылы жолданып отырады.

Қосылған : 13.07.2018, 16:45, Өзгертілген : 13.07.2018, 16:45