Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметінің 2017 жылғы жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ҚР СІМ ІАҚ) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі бекіткен 2017 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, 2017 жылы Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінде 32 аудиторлық іс-шараларжәне ҚР СІМ-нің құрылымдық бөлімшелерінде 3 аудиторлық іс-шараларжүргізді.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша аудитпен қамтылған жалпы бюджеттік қаражат сомасы 53 235,02 млн. теңгені құрады, оның ішінде анықталған бұзушылықтар сомасы 1 193,24 млн. теңге, бұзушылықтар сыныптауышы тұрғысында төмендегідей көрсетілген:

- сомасы 20,83 млн. теңге қаржының бюджетке (кіріс бөлігі) түсуі кезіндегі бұзушылықтар;

- сомасы 102,4 млн. теңге мемлекеттің бюджеттік қаражатын және активтерін пайдалану кезіндегі бұзушылықтар;

- сомасы 955,25 млн. теңге бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру кезіндегі бұзушылықтар;

- сомасы 114,76 млн. теңге бюджет қаражатын негізсіз пайдалану кезіндегі бұзушылықтар.

Оның ішінде, 45,07 млн. теңге - республикалық бюджет кірісіне өтеуге жататын сома, 88,76 млн. теңге - бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататын сома.

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша республикалық бюджет кірісіне 45,07 млн. теңге өтелді.

Аудит объектілеріне ішкі аудит нәтижелері туралы есеп, анықталған бұзушылықтарды жоюға арналған шешімдер және ұсынымдар жолданды.

Қарастыру нәтижесі бойынша 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке және 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қылмыстық заң бұзушылықтар белгілерінің анықталуына байланысты 1 объекті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды,сол объекті бойынша сот шешімі қабылданды.

Ішкі мемлекеттік аудит бойынша бірыңғай деректер базасына қалыптастыру үшін аудиторлық іс-шаралар материалдары уәкілетті органға уақытылы жолданып отырады.

2017 жылдың 1 жарты жылдығында ҚР СІМ ІАҚ қызметкерлері «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда тәуекелдерді басқарудың теориясы мен тәжірибесі», «Қаржылық есептілік аудиті» және «ІАҚ қызметінің тиімділігін бағалау (сапаны бағалау)» атты тақырыптардағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Қосылған : 26.02.2018, 15:35, Өзгертілген : 26.02.2018, 15:35