Гонконг сот сараптама жүйесімен танысу

Дүниежүзілік банктің «Сот сараптамасын күшейту» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулдығының қолдауымен Парламент Сенаты депутаттарының, прокуратура қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қызметкерлері мен ҚазГЮУ университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен Гонконгқа сапары болды.

Тәжірибе алмасу, жаңа стратегияларды табу және білімді жинақтау мақсатында қазақстандық делегация өкілдері мемлекеттік зертхана қызметкерлерімен және Гонконг SAR қаласындағы патологиялық қызметімен кездесулер өткізді.

Екіжақты консультациялар барысында тараптар сот-сараптамалық қызмет көрсету, техникалық сот сараптамасы саласындағы зерттеулер, қылмыстық сот ісін жүргізудегі ізденістер мен танымдық қызметтегі жетістіктермен, сондай-ақ тиімді сот тергеуіне қатысты ұсыныстар жасау тәжірибесі туралы айтып берді.

Атап айтқанда, Гонконгта негізгі қызмет көрсеткіштері мен сот сараптамасы саласындағы тәжірибе жинақталған, қылмыстық процеске іздеу және танымдық қызметтің қазақстандық моделін жетілдіру барысында ескерілетін болады.

2016 жылдың қазан айынан бастап ҚазГЮУ бірігіп, Key Forensic Services Ltd (KFS), King's College London (KCL), QPA Strategies Ltd. (QPA) и Astana Garant Consulting (AGC) компаниясы Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамасын күшейту» жобасын іске қосты.

Қосылған : 26.12.2018, 12:05, Өзгертілген : 26.12.2018, 12:05