Қ. Әбдірахманов Астана қаласындағы Ғылым және технологиялар бойынша Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Саммиті аясында бірқатар кездесулерді өткізді

АСТАНА, 12 қыркүйек 2017 жылы – Астана қаласындағы Ғылым және технологиялар бойынша Ислам Ынтымақтастық Ұйымының (ИЫҰ) Саммиті аясында 10 - 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Комор аралдары одағының Вице-Президенті, Транспорт, пошта және телекоммуникация министрі Абдалла Саид Сарумамен кездесті.

Жоғары мәртебелі қонақ Комор аралдары мемлекетінің дамуына жәрдемдескені үшін Қазақстанға және Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке алғыс білдірді.

Тараптар Қазақстан мен Шығыс Африканың «сауда қақпаларының» бірі болып табылатынКомор аралдары одағы арасындағы дипломатиялық байланыстар мен түрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі.

А. Сарума мемлекет телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен аталған саладағы мамандарды дайындауға ерекше назар аударатындығын атап өтті. Осыған орай, Қазақстанның ғылыми-білім базасын ескере отырып, Комор студенттерінің елімізде оқу мүмкіндігіне нзараударды.

Қазақстандық сыртқы саяси ведомствоның басшысы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ Комор экономикасының басымдылыққа ие салалары үшін мамандарды дайындау саласын бірлесіп қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, Қ. Әбдірахманов Ғылым және технологиялар бойынша ИЫҰ Саммитінде Марокко Корольдігі делегациясына басшылық еткен Марокко Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Насер Буритамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Марокконың екіжақты және халықаралық ынтымақтастығының негізгі мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Н. Бурита Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласында тарихта алғаш рет Ғылым және технологиялар бойынша ИЫҰ Саммитін өткізу туралы бастамасына жоғары баға берді. Сондай-ақ аталған самиттің заманауилығы мен ұйымға мүше мемлекеттердің жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылаудағы мүдделілігін атап өтті.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігі мен Африка құрлығының өзекті мәселелері бойынша кеңейтілген күн тәртібін ескеріп, Марокко сыртқы саяси ведомство басшысы Қ. Әбдірахмановты Марокко Корольдігі мен Африка елдерінің ынтымақтастығының негізігі аспектілерімен таныстырды. Сондай-ақ Марокко тартылған тікелей шетел инвестициялардың көлемі бойынша аймақтағы екінші мемлекет екендігін атап өтті.

Министрлер алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша саяси және экономикалық салаларда диалогтың дамуының қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ министрлер келісім-құқықтық базасын кеңейту екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретіндігін ескеріп өтті.

Саммит аясында Қ. Әбдірахманов Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Абдулазиз Осман аль-Туэйджримен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен ИСЕСКО арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, Ұйым өкілдерінің алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуын, сондай-ақ Сириядағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі Астана процесінің барысы мен Астанадағы Ғылым және технологиялар бойынша ИЫҰ саммитінің қорытындыларын талқылады.

Қ. Әбдірахманов ИСЕСКО басшысына халықаралық аренада Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Саммит барысында таныстырған G-20 үлгісінде ИЫҰ-ның жетекші 15 мемлекеттерінің қатысуымен форум құру жөніндегі ұсынысына назар аударды.

А. Осман аль-Туэйджри Астана қаласында өткен Саммиттің нәтижелеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар, ИСЕСКО Қазақстанның институттарымен ғылым және технологиялар саласында тығыз ынтымақтастығын дамытуға дайын екендігін атап өтті. Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті негізінде Ғылым, технологиялар және инновациялар бойынша ИСЕСКО кафедрасы ашылатындығын хабарлады.

Саммиттағы Уганда делегациясының басшысы, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Окелло Генри Ориемо және Уганда Республикасының Ғылым, технологиялар мен инновациялар министрі Элиода Тумвесигимен болған кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты және халықаралық алаңдардағы ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды.

Қ. Әбдірахманов Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелік құрамына ену кандидатурасына қолдау көрсеткені және Уганда Республикасының басқа да Африка мемлекеттерімен бірге «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуы үшін алғыс білдірді. Көрменің инфрақұрылымы негізінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығы және IT-стартаптар мен «жасыл» технологиялар орталықтарын құру жоспарларымен бөлісті.

Өз кезегінде Уганда Республикасының өкілдері ИЫҰ Ғылым және технологиялар бойынша Саммиті қорытындыларына жоғары баға берді және биотехнологиялар, темір жол құрылысы, тау-кен мен химиялық өнеркәсіп, салаларында сондай-ақ ғылым және технологиялар саласында жас мамандарды дайындау бағытында Қазақстанмен өзара әрекеттестікті күшейтуге мүдделілігін білдірді.Сонымен қатар, БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне атсалысуда Уганданың қомақты тәжірибесіне де назар аударылды.

Қосылған : 13.09.2017, 09:20, Өзгертілген : 13.09.2017, 09:20