Қазақстан-Хорватия: ынтымақтастықты жандандыру бағыты --- Қазақстан мен Хорватия Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімнің қол қойылған мәтінмен алмасты

Қазақстан және Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы қарсаңында 11-12 қазанда Загреб қаласында саяси консультациялар өтті.

Екі елдің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Роман Василенко және Вице Скрачичтің талқылау назарында мемлекеттердің өзара әрекеттестігін екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларында және халықаралық аренада кеңейту мәселелер болды.

Шарттық-құқықтық негізді кеңейту және әуе қатынасы, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм, білім және мәдениет салаларында екіжақты келісімдерге қол қою туралы уағдалыстықтарға қол жеткізілді. Тараптар парламентаралық, ведомствоаралық және аймақаралық қарым-қатынастарды, іскерлік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға белсенді түрде жәрдемдесуге келісті. Осы тұрғыда алдағы жылда Астанада Хорватияның Елшілігін ашу маңызды қадам болып табылады.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Р. Василенко Хорват тарапын 2017-2018 жылдардағы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметі, халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Астананың үлесін, сириялық дағдарысты реттеу жөніндегі Астана процестің барысы және Қазақстанның тағы басқа сыртқысаяси қызметі туралы баяндады.

БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері талқыланды. Хорватияда Қазақстанның ядролық қарусыздандыру мен таратпау, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайды.

Консультациялардың қорытындысы бойынша министрлерінің орынбасарлары 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан және Хорватия СІМ-дер арасындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды, Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімнің қол қойылған мәтінмен алмасты, білім және мәдениет, туризм, энергетика, ауыл шаруашылығы, әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттар жобаларды келісу бойынша уағдаластықтарға жетті.

Сапар аясында Қазақстанның дипломаты Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер жөніндегі министрлігінің саяси мәселелер бойынша Мемлекеттің Хатшысы Здравка Бушич, ХР Президентінің арнайы кеңесшісі Матэ Гранич, Хорват мұсылмандар одағының Бас мүфтиі Азиз Хасановичпен кездесті.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министірінің орынбасары Дага Хаммаршельд атындағы Дипломатия және халықаралық қатынастар жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер алдында дәріспен сөз сөйледі.

Дипломат Тәуелсіздіктің 25 жыл аралығында Қазақстанның жетістіктері және Семей полигонын жабу, әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан бас тарту, Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру (ЯҚАОАА), ҚР аймағында АЭХА-ның тұңғыш Төмен байытылған уран банкін ашу, сондай-ақғаламдық антиядролық қозғалысты жұмылдыруға және ядролық қарусыз идеясын іске асыруға бағытталған АТОМ Жобасын іске қосу сияқты қадамдар қоса алғанда Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық қауіпсіздікті нығайтуына үлесін атап өтті.

Загреб қаласындағы саяси консультациялар мен кездесулер достық, сенім мен өзара түсіністік мазмұнында өтті. Олардың басты нәтижесі екі ел халықтарының игілігі үшін Қазақстан-Хорват қарым-қатынастарын екі жақты дамыту және кеңейту ниетін растау болды.

Қосылған : 13.10.2017, 09:10, Өзгертілген : 13.10.2017, 09:10