Қазақстан мен Португалия екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге ниетті

ПАРИЖ, 2019 жылғы 15 қаңтар - Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі және Португалиядағы Елші қызметін қоса атқарушы Жан Ғалиев Лиссабонға іс-сапар жасады, оның барысында мемлекет Президенті Марсело Соузамен, Сыртқы істер министрі Агушто Сильвамен, Экономика министрілігінің бас хатшысы Жуау Невеспен, Ассамблея депутаты Жуау Соарешпен, сонымен қатар Португалияның іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізді.

Президентпен өткен кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, қазақстандық экономикаға португалдық инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға, сонымен қатар екі елдің іскер топтары арасында ынтымақтастықты тереңдетуге және өзара тиімді, бәсекеге қабілетті жобаларды іздеуге негіз болатын инвестициялық форумды өткізуге қызығушылықтарын білдірді.

Сыртқы саясат ведомство басшысы А. Сильвамен әңгімелесу барысында ҚР сыртқы саяси ведомствосы алдына қойылған жаңа тапсырмаларды ескере отырып, экономикалық дипломатия мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ассамблея депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы төрағасы Ж.Суареш екі ел арасындағы қалыптасқан оң саяси диалог, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейтуге жақсы негіз болатынына сенім білдірді. Тараптар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланыстарды жандандыруға, оның ішінде «Қазақстанның Португалиядағы достар клубын» құру туралы қызығушылықтарын атап өтті.

Бас хатшы Ж. Невес инновация, стартаптар өндірісі, инженерлік, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі жақсартудың маңыздылығын, сонымен бірге ортақ мүдделі тапсырмаларды шешуде тиімді тетік болып табылатын Үкімет аралық комиссия құру үшін Экономикалық, сауда және техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім жасасу бойынша жұмысты жеделдету қажеттігін атап өтті.

Сауда-өнеркәсіп палатасының директоры П. Магалеспен өткен келіссөздер барысында 2019 жылдың қыркүйегінде екі елдің іскер топтарының қатысуымен Инвестициялық форум өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Бизнес топтармен орын алған кездесу нәтижесінде бірқатар компаниялар басшылары Қазақстан аумағындағы ЖЭК жобаларына, агроөнеркәсіп және АИТ секторларына инвестицияландыруға қызығушылықтарын білдірді және жақын уақытта Алматы мен Астанаға бизнес-миссияларын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Португалия компанияларының айтарлықтай тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанда жасалынған «Made in Qazaqstan» жоғары сапалы тоқыма және аяқ киім шығаратын бірлескен кәсіпорындар құру идеясы ерекше атап өтілді.

Сапар соңында Елші Португалияның үздік газеттерінің бірі «Diario de Noticias»-қа Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасы туралы және Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі тезистері жөнінде сұхбат берді.

Қосылған : 17.01.2019, 21:55, Өзгертілген : 17.01.2019, 21:55