​Қазақстан мен Румыния өзара сауданың айтарлықтай өсуін белгілеуде және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

АСТАНА, 2017 жылғы 30 қараша – 2017 жылғы үш тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымының көлемі 200 млн. АҚШ долларына өсті. Екі елдің дипломаттары сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және сауданы әртараптандыру мүмкіндігін талқылауда.

Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті күні мен Румынияның бірлік күні қарсаңында Астана қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенкомен Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Д.Некулаеску екіжақты мен көпжақты ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін қарастырды.

Тараптар саяси консультациялар шеңберінде: саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық, парламентаралық, ведомствоаралық және іскерлік байланыстарды, сондай-ақ білім, ғылым және туризм саласындағы қарым-қатынастарды жандандыруға келісті. 20 мыңнан астам қазақстандық румындар халықтар арасындағы достықтың дамуы мен нығаюының байланыстырушы көпірі болып табылатыны ерекше атап өтілді.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Р. Василенко румын тарапын 2017-2018 жылдардағы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметі, халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Астананың үлесі, сириялық дағдарысты реттеу жөніндегі Астана процесінің барысы және Қазақстанның басқа да бағыттардағы сыртқы саяси белсенділігі туралы баяндады.

Өз кезегінде, Д.Некулаеску Румыния Қазақстанның халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамытудың және Қытайдың «Бір белбеу, бір жол» халықаралық ауқымды бастамасын іске асыру аясында екі елдің транзиттік және көлік әлеуетінің іске асырылу перспективаларын атап өтілді.

Сонымен қатар, дипломаттар Еуропалық Одақ шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылап, 2019 жылы Румынияның ЕО-ға төрағалығы кезінде бекітілуі тиіс Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа стратегиясын дайындау үшін басталған процестің сапалы іске асырылуының маңыздылығына назар аударды.

Астанаға сапары шеңберінде Д.Некулаескудің «Қазақстан-Румыния» парламентаралық достық тобының төрағасы, Мәжіліс депутаты Б.Ертаевпен және ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Қ.Балықбаевпен кездесулері өтті.

Қосылған : 30.11.2017, 23:45, Өзгертілген : 30.11.2017, 23:45