Қазақстан мен Словения өзара әрекеттесудің перспективалық бағыттарын анықтады

2018 жылғы 6 маусымда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Словения Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Изток Мирошичпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан-Словения қарым-қатынастарының жай-күйі мен даму перспективалары талқыланып, тараптар Қазақстан мен Словения арасында проблемалардың жоқтығын растап, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігіне назар аударды және екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық базасын кеңейту туралы жұмысты жалғастыру бойынша бітімге келді.

Фармацевтика, көлік инфрақұрылымы, логистика, туризм, қайта оңалту медицинасы, жасыл технологиялар және т.б. салалар ынтымақтастықтың перспективалық салаларына жататыны белгіленді.

Қазақстанда атқаратын дүниежүзілік көшбасшысынан бірі мен бүкіл әлемде өкілдіктер бар словен компаниялары, оның ішінде KRKA (дәрі-дәрмектер), IskratelGroup (IT шешімдері), Gorenje (тұрмыстық техника), BisolGroup (күн батареялары)жөніндеқанағаттанушылықпен атап өтілді.

Кездесу барысында «Белдеу және жол» бастамасы аясындағы перспективалар мен мүмкіндіктер егжей-тегжейлі талқыланды. Өз кезегінде И.Мирошич Словенияның Қытаймен экономикалық ынтымақтастық бойынша 16 + 1 форматындағы (Орталық және Шығыс Еуропа елдері) үйлестіруші ретіндегі жұмысын мәлімдеді.

Халықаралық және өңірлік күн тәртібінің кең ауқымы, соның ішінде Орталық Азия мен Балқан өңірінде орын алатын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Словения дипломаты экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы ретінде 5 маусымда Астана қаласында өткен Комиссияның 4-ші отырысының қорытындылары туралы хабарлады. Қазақстан тарапынан ҮАК-тің тең төрағасы ретінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болып табылады.

Қосылған : 7.06.2018, 18:50, Өзгертілген : 7.06.2018, 18:50