​Қазақстан мен Швейцария туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытады

ЦЮРИХ, 2018 жылғы 1 қараша - 29 қазан – 2 қараша кезеңінде «Қазақ Туризм» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Рашид Күзембаевтың Швейцарияға жұмыс сапары өтуде.

Сапардың алғашқы күнінде Женевада Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Жанар Айтжанова 30-дан астам туристік компаниялар мен әлеуетті инвесторлардың қатысуымен «роуд-шоу» ұйымдастырылды. «Қазақ Туризм» Ұлттық компаниясы Қазақстан және Республикалық туристтендіру картасы «ондығының» бірқатар инвестициялық жобалары туралы презентация жасады.

30 қазанда Дүниежүзілік экономикалық форумның Туризм мен саяхаттың бәсекеге қабілеттігі жөніндегі индексінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Аталған индекс құрылып жатқан Қазақстанның ішкі және сыртқы туризмін 2025 жылға дейін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі маңызды көрсеткіштердің біріне айналатындығын атап өткен жөн.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жолдауында белгіленген Қазақстанда туризм университетін ашу туралы міндетті іске асыру шеңберінде делегация туризм саласындағы мамандар мен қызмет көрсету персоналын дайындайтын «Ecole Hotelier Geneve» Қызмет көрсету мектебіне барды. Мектеп басшылығы Қазақстан үшін оқу бағдарламасын дайындау мен университетті ашуда қолғабыс көрсетуге қызығушылық білдірді.

Кезекті роудшоу 31 қазанда Цюрих қаласында сыртқы туризмнің 20 маңызды ойыншыларын, Цюрих кантонының әлеуетті инвесторлары мен мүдделі компанияларын қамтыды.

1 қарашада делегация Швейцарияның Экономикалық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшылығының (SECO), «Swiss Tourism», «Swiss Health», «Swiss Education Group» компанияларының және басқа ұйымдардың басшылығымен бірқатар ресми кездесулер өткізді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша «Kazakh Tourism» және «Swiss Tourism» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандумға сәйкес, швейцариялық тарап Қазақстанның ұлттық парктері мен таулы аймақтарындағы жыл бойы қызмет көрсететін туризмді дамытуға, таулы гидтер мен шаңғы инструкторларын даярлау стандарттарын енгізуге қолғабыс көрсететін болады. Сондай-ақ, екіжақты құжат туристік өнімдерді ілгерілету үшін өзара қолдау көрсетуді, ақпарат алмасуды және халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді.

Swiss Tourism ықпалдасуымен «Қазақ Туризм» ҰК» Луганодағы 16-шы Халықаралық туристік көрмеге қатысады және Цернездегі Швейцарияның ұлттық паркін басқару моделімен танысады.

pornliz suckporn porndick pornstereo
Қосылған : 2.11.2018, 15:35, Өзгертілген : 2.11.2018, 15:35