Қазақстан Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің халықаралық аналитикалық орталығының ашылуына қатысты

11-12 маусымда Ұлан-Батырда Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің халықаралық аналитикалық орталығының (International Think Tank for Landlocked Developing Countries) ашылуына орай өткен инаугурациялық конференцияға қатысты.

Іс-шараның ашылуы барысында дипломат Қазақстан үшін теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер мәселелері сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып табылатыныдығын мәлімдей отырып, 2003 жылы Алматыда өткен LLDC Министрлік конференциясы барысында тарихи 2004-2014 жж. арналған Алматы бағдарламасы қабылданғанын ерекше атап өтті.
Е.Ашықбаев қатысушылардың назарын LLDC елдерінің 2014-2024 жж. арналған Вена бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі тұрақты даму бағдарламасы аясында аталған елдер алдында тұрған мәселелердің шешімін табуында Орталықтың маңызы зор екеніне тоқталды.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат ү.ж. 16-17 мамырда Астанада өткен сауда және көлік мәселелері жөніндегі LLDC Министрлік кездесуі туралы ақпарат берді.
Айта кеткен жөн, іс-шара аясында Сыртқы істер ведомствосы басшысының орынбасары Моңғолияның Сыртқы істер министрі Д.Цогтбаатар, СІМ орынбасары Б.Бацэцэг, LLDC аналитикалық орталығының атқарушы директоры Э.Одбаярмен және жергілікті қазақ диаспорасымен бірқатар кездесулері өтті.

Қосылған : 14.06.2018, 10:30, Өзгертілген : 14.06.2018, 10:30