​Қазақстан БҰҰ ҚК комитеттер төрағасы ретінде ШЫҰ АТҚ конференциясына қатысты

1-2 қарашада Ташкент қаласында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1267 және 1988 санкциялық комитеттер төрағасы ретінде Шанхай ыңтымақтастық ұйымы Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы (ШЫҰ АТҚ) ұйымдастырған «Терроризмен күрес – шекарасыз ыңтымақтастық» атты Бесінші ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Аталмыш іс-шарада ШЫҰ-на мүше және бақылаушы мемлекеттердің құзіретті органдарының және келесі ұйымдар хатшылықтарының өкілдері қатысты: ШЫҰ, БҰҰ Терроризмге қарсы басқармасы, БҰҰ ҚК Терроризмге қарсы Атқарушы директораты, БҰҰ ҚК 1267 және 1988 санкциялық комитеттері, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, Орталық Азия ұшін алдын алу дипломатиясы бойынша БҰҰ Аймақтық орталығы, Еуропадағы қауіпсіздік және ыңтымақтастық ұйымы, Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ, Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Терроризмге қарсы орталығы және Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің Үйлестіру қызметі.

Конференция барысында халықаралық террористік ұйымдардан туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы тұруда өзекті мәселелер қарастырылды. Конференция қатысушылары әлемдегі қазіргі жағдайды болжаудың тұрақсыздығы мен күрделілігін атап өтті. Таяу Шығыстағы антитеррорлық күштердің және аймақтағы лаңкестерді қысу бойынша өткен сәтті операциялардың нәтижесінде, көптеген террористердің әлемнің басқа да бөліктеріне, соның ішінде Ауғанстанға көшіп жатқандығы байқалуда. Шанхай ыңтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерінің шекаралары АИР жақындығын ескере отырып, бұл мәселе ШЫҰ аумағына қосымша қауіп-қатерлер тудыруда. Конференцияда Ғаламдық торды лаңкестік және экстремистік мақсаттарда пайдалануға қарсы тұру, сондай-ақ терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарды үйлестіру бойынша шараларға ерекше назар аударылды.

Осыған байланысты, уақтылы ақпарат алмасуға қатысты тығыз ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру қажеттілігі, террористерді іздеу, шекаралық бақылауды күшейту, терроризмге қарсы бөлімшелерге кадрларды даярлау, терроризмге қарсы іс-қимыл туралы ақпараттық дерекқорлардың өзара ықпалдастығы, терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды өткізу және терроризмге қарсы ынтымақтастықтың құқықтық базасын жетілдіру туралы бірауыздан пікір айтылды.

Сонымен қатар, терроризм мен экстремизмге қарсы тұру, сондай-ақ лаңкесттікке қарсы халықаралық ыңтымақстастықта БҰҰ-ның үйлестіруші рөлі, БҰҰ Жарғысы және халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтау негізінде орындалуы қажет екендігі туралы атап айтылды.

Өз сөзінде Қ.Омаров БҰҰ-ның ДАИШ және «Әл-Каида» туындаған қауіп-қатерлерге баға берді және аталмыш терроршыл топтардың Ауғанстанның солтүстік аймақтарында күшейіп жатқандығын атап айтты. Конференцияға қатысушылардың назары аталған терроршыл ұйымдарға қарсы тұруда санкциялық режимдердің басты ерекшіліктеріне, сонымен қатар, БҰҰ мүше мемлекеттері бұл тетіктерді өздерінің терроризмге қарсы күрестің ұлттық стратегияларында қолдану қажеттігі туралы айтылды.

Конференцияға қатысушы мемлекеттер халықаралық қоғамдастықтың жаһандық терроризмге, олардың желілерін уақытылы тоқтату қабілетін арттыруға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі санкциялық комиттерімен тығыз ыңтымақтасты нығайтуға шақырылды.

Қосылған : 8.11.2017, 18:35, Өзгертілген : 8.11.2017, 18:35