Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық технологиялар делегациясы Нью-Делиге жұмыс сапармен келді

Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің бастамасымен және қолдауымен, 2019 жылғы 25 ақпан - 3 наурыз кезеңінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық технологиялар делегациясы Нью-Делиге жұмыс сапармен келді. Делегацияны Ақпараттық жүйелер департаментінің директоры А.Әбдірахманов басқарды. Делегация Үндістанның Информатика Ұлттық Орталығының (NIC) шақыруымен электрондық пошта қызметін құру, ақпараттық қауіпсіздік орталығы және Cloud Document Storage Platform сияқты әртүрлі ақпараттық жүйелерді құру бойынша тәжірибе алмасу үшін келді.

Сарапшылар мен техникалық директорлар деңгейіндегі көптеген кездесулер барысында қазақстан тарапы барлық сұрақтарға толық жауаптарды ала алды.

Қазақстан делегациясы аталған салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың жоғары перспективаларын атап өтіп, келесі кездесуді Қазақстанда өткізуді ұсынды.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің 2018 жылғы 19-22 қыркүйек кезеңінде Үндістан Республикасына жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың негізінде өтті.

Қосылған : 8.03.2019, 22:35, Өзгертілген : 8.03.2019, 22:35