Парижде өткен қазақ-француз саяси консультациялары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті растады

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко үстіміздегі жылғы 9-10 сәуірде Парижде өткізген келіссөздерінің нәтижелері қос тараптың қазақ-француз стратегиялық әріптестігін ары ғарай нығайтуға мүдделілігін көрсетті.

Францияның Еуропалық және сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы, Экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақ-француз үкіметаралық комиссиясының Тең төрағасы Жан-Батист Лемуанмен кездесуде тараптар екіжақты форматта және көпжақты алаңшалардағы өзара ықпалдастық мәселелерін кеңінен талқылады.

Р. Василенко сұхбаттасын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзекті әлеуметтік-экономикалық реформалары мен халықаралық бастамалары жайында хабардар етті. Биыл Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі шартқа қол қойылуының 10-жылдығы екенін еске салып, ол Астананың Франциямен өзара сенімді саяси диалогты нығайтуға және дәстүрлі экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Өз кезегінде француз саясатшысы өзара табысты ынтымақтастықты одан әрі дамытуына өзара талпынысты растап, негізгі бағыттар бойынша Қазақстанмен өзара ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді.

Қазақстан Президенті Франция Президенті Эммануэль Макронға Астана қаласына сапар жасауға шақыру жолдап, ол алғыспен қабылданғаны атап өтілді. Осыған орай, тараптар болашақ сапардың мағыналы мазмұны және екі мемлекет басшыларының кездесуі үшін өзара қолайлы мерзімдерді анықтау бойынша жұмыс істеуге ниетті.

Сапар барысында Р. Василенко қазақ-француз тұрақты саяси консультациялары Жетінші раундының барысында ел делегациясын басқарды. Франция делегациясын Еуропа және сыртқы істер министрлігінің Құрлықтық Еуропа істері жөніндегі Бас директоры Флоранс Манжен басқарды.

Сұхбаттасушылар екі мемлекет арасындағы екі жақты және көп жақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, соның ішінде Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі аясында тиімді ынтымақтастық сипатын атап өтті. Ф. Манжэн Қазақстанның өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі халықаралық күш-жігеріне елеулі үлесін атап өтті.

Келіссөздер барысында Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарының жағымды серпініне және қазіргі таңда өңір бойынша пысықталып жатқан Еуропалық Одақтың жаңа Стратегиясына, Ауғанстанның тұрақтануына жәрдемдесу бойынша бірлескен үлестерге, Сирия бойынша Астана процессі шеңберіндегі көпжақты келіссөздерге, өңірлік экономикалық және инфрақұрылымдық, оның ішінде «Белбеу және Жол» бастамасы шеңберінде жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне, ЕАЭО-ның дамуына ерекше назар бөлінді.

Экономикалық дипломатия міндеттері аясында тараптар көлік, энергетика, атом және аэроғарыш өндірістері, сондай-ақ екі ел аймақтары арасындағы орталықсыздандырылған дейтін серіктестікті атап өтті.

Дәл қазір Франция Қазақстан экономикасындағы бесінші ірі инвестор болып табылады; ҚР-да француз капиталының қатысуымен 140-тан астам кәсіпорын шетелдік тікелей инвестициялар ретінде 13 миллиард доллардан астам инвестиция салған. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Парижде ҚР Елшілігінің бастамасымен екі елдің компаниялары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа тауашаларды ашу мақсатымен қазақстан-француз инвестициялық форумы өтетін болады.

Сонымен қатар, Р. Василенко француз тарапын елордамыздың алдағы 20-жылдық мерейтойын мерекелеу және оның аясында орын алатын «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ашылу рәсімі

жайында хабардар етті. Цифрлы экономика саласындағы Францияның мол тәжірибесін және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің басымдылығын ескере отырып, «ЭКСПО-2017» көрмесі инфрақұрылымының негізінде IT стартаптар халықаралық технопаркі жобаларының және «Жасыл» технологиялар мен инновациялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталығының жобаларын іске асыруда ынтымақтастыққа шақыру серіктестерді қызықтырды.

Елисей сарайында өткен Франция Президентінің кеңесшісі Алис Рюфомен кездесуде тараптар Астана мен Париж арасындағы жоғары және биік деңгейдегі саяси диалогтың әрі қарай даму келешегін талқылап, бұл диалогқа жаңа серпін беру бойынша өзара мүдделі екенін атап өтті.

Министр орынбасарының сапары парламентарийлер, іскерлік қауымдастық, сарапшы топтар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Шуазёль» зерттеу институтының алаңында «Франциядағы Қазақстан достары клубының» екіжақты қарым-қатынас тарихындағы алғашқы отырысына қатысты. Өз баяндамасында қазақстандық дипломат Мемлекет басшысының халықаралық аренадағы негізгі бастамалары мен жігері, цифрландыру, жоғарытехнолгиялық және экологиялық тұрақты өндірісті дамыту сияқты салаларында Франция және оның компанияларымен өзара тиімді ынтмақтастық мүмкіндіктерін ашатын Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы тұрғысынан елдің экономикалық дамуының басымдықтарын жарықтандырды.


photo: Adrien Thibault

Қосылған : 11.04.2018, 09:00, Өзгертілген : 11.04.2018, 09:00