Қазақстан Елшісі Түркіменстан Президентіне сенім грамотасын табыстады

АШХАБАД, 2018 жылғы 1 тамыз - Оғузхан сарайында Қазақстанның Елшісі Жандос Асановтың Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке сенім грамотасын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

Түркіменстан Басшысы Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ықыласқа толы сәлемін айтып, Елбасының екі ел арасындағы, сондай-ақ аймақ елдері арасындағы байланыстардың өркендеуіне қосып жатқан баға жетпес үлесін жоғары бағалады.

Қазақстан Елшісі Түркіменстан Президентін Елшілік екі ел жетекшілерінің көпғасырлық екіжақты достық әрі бауырмал қатынастарды одан әрі өрістетіп, кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін аянбай күш салатынына сендірді.

Қосылған : 1.08.2018, 19:50, Өзгертілген : 1.08.2018, 19:50