Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА, 2018 жылғы 28 желтоқсан - Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты байланыстардың жай-күйін және саяси, сауда-экономикалық салаларда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің келешегін талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Әңгіме барысында Қырғызстан Сыртқы істер министрі Б. Атамқұловты жаңа лауазымға тағайындалуымен жылы құттықтап, оны Бішкек қаласына сапармен келіп кетуге шақырды.

Қосылған : 28.12.2018, 21:00, Өзгертілген : 28.12.2018, 21:00