Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі отырысының Хаттамасы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі отырысының Хаттамасы

Астана қ.№ 1 2018 жылғы 13 шілде 10 сағ. 00мин.

Төрағалық еткен: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Қ. Әбдірахманов

Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің мүшелері қатысты: (тізім бойынша).

Күнтәртібі:

1. Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігінде (бұдан әрі - Елшілік) өткізілген аудиторлық іс-шара және 2018 жылғы 15 маусымдағы №11 аудиторлық есебіне (бұдан әрі – аудиторлық есеп) Елшіліктің ұсынылған қарсылығытуралы.

2. Аудиторлық есепке ұсынылған қарсылықты қарау туралы.

3. Аудиторлық есепке ұсынылған қарсылықты қарау қорытындысы бойынша ҚР СІМ Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) шешімі туралы.

Мынадай мәселелерді қарастыру бойынша Кеңес отырысының күн тәртібін бекіту жөніндеұсыныс енгізген Кеңес төрағасы сөз сөйледі:

  • 1.Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігінде жүргізілген сәйкестік аудитінің нәтижелерін талқылау.
  • 2.ҚР СІМ ІАҚ-тың мемлекеттік аудитор-сарапшысы Г.С. Даукенова жүргізген сәйкестік аудит нәтижесі бойынша ҚР Армения Республикасындағы Елшілігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы ұсынылған қарсылығын қарастыру.

Бірінші мәселе бойынша мемлекеттік аудитор-сарапшы Г.С. Даукенова сөз сөйлеп, аудиторлық іс-шараның нәтижелерімен, анықталған бұзушылықтармен және оған жол берілген себептермен Кеңес мүшелерін таныстырыпөтті.

Екінші мәселе бойынша Ішкі аудит қызметінің басшысы Э.С. Нұрқанова ҚР Армения Республикасындағы Елшілігінің аудиторлық есепке қарсылықтарымен таныстырып сөз сөйледі.

Аудиторлық есепте көрсетілген жекелеген мәселелер және қарсылықтар бойынша Кеңес мүшелері (Е.Б. Көшербаев, Е. Мұхтарұлы,Д. Батаева), сондай-ақ мемлекеттік аудитор-сарапшы Г.С. Даукенова сөз сөйледі.

Ішкі аудит қызметінің басшысы Э.С. Нұрқанованың ақпаратын тыңдап және талқылаған Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі

Шешті:

1. Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі2018 жылғы 15 маусымдағы қарсылықтардың барлық тармақтарын қарастырып,ІАҚ-тың мемлекеттік аудитор-сарапшысы Г.С. Даукенованың аудиторлық іс-шаранәтижесі бойынша қорытындыларындұрыс деп таныды, ҚР Армения Республикасындағы Елшілігінің қарсылығы қабылданбады.

2. Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатындаҚР Армения Республикасындағы Елшілігі2018 жылғы 30 тамызға дейін жауапты лауазымды адамдарды, орындау мерзімдерінжәнеаяқтау нысандарын көрсете отырып, аудиторлық іс-шара нәтижесіндегі анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шара жоспарын әзірлеп,ҚР СІМ ІАҚ-пен келіссін.

3. Осы хаттаманыңорындалуын бақылау ҚР СІМ ІАҚ-тың басшысы Э.С. Нұрқановаға және ВҚД директоры Д.Б. Батаеваға жүктелсін.

Қосылған : 23.07.2018, 15:50, Өзгертілген : 23.07.2018, 15:50