Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2015 жылғы «10» тамыздағы

№ 11-1-2/328 бұйрығына

5 - қосымша

«Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының визасы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 1 жұмыс күн;

2) 2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарастыруы және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі - ҰҚК) келісу үшін жіберуі - 2 жұмыс күн;

3) 3-процесс - ҰҚК-мен визалық құжаттарды келісу және жауапты жолдау - 1 жұмыс күн;

4) 4-процесс - визалық құжаттарды ресімдеу және Қазақстан Республикасының визасын беру - 1 жұмыс күн.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

1) 1-процесс бойынша - құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою;

2) 2-процесс бойынша - көрсетілетін қызметті берушінің ҰҚК ақпараттық жүйесіне сауалы;

3) 3-процесс бойынша - ҰҚК ақпараттық жүйесінің жауабы;

4) 4-процесс бойынша - Қазақстан Республикасының визасын беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мына адамдар қатысады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы;

2) ҰҚК-нің лауазымды адамы.

9. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдауды және тіркеуді, тиісті құжаттарды тексеруді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру арқылы өтінішті қарауды жүзеге асырады.

Визалық құжаттарды келісу ҰҚК-нің ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасынасәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


«Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

«Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


- қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;


- таңдау нұсқасы.

Қосылған : 7.02.2017, 10:50, Өзгертілген : 9.02.2017, 09:55