Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің

2016 жылғы 15 ақпандағы

№ 11-1-2/44 бұйрығына

қосымша

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің

2015 жылғы 10 тамыздағы

№ 11-1-2/328 бұйрығына

13 - қосымша

«Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 11-1-2/517 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау» мемлекеттік қызмет стандартына (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12830 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен (бұдан әрі - ІІМ) және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - шетелде тұрғылықты тұруға рұқсат алу жөнінде жазба енгізілген жеке тұлғаның (бұдан әрі - қызметті алушы) паспорты.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 1 жұмыс күн;

2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарастыруы - 1 жұмыс күн;

3-процесс - құжаттарды дипломатиялық пошта арналары арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі - СІМ) одан әрі ІІМ-нің аумақтық бөлімшелеріне қарастыру үшін жолдау - 23 күнтізбелік күн;

4-процесс - СІМ-нің құжаттарды ІІМ-ге жолдауы - 5 жұмыс күн;

5-процесс - ІІМ-мен құжаттардың қарастырылуы, тексерілу және өтініштің қарастырылуы қорытындысы туралы ресми хат дайындап, СІМ-ге жолдауы - 30 күнтізбелік;

6-процесс - ІІМ-нен келіп түскен құжаттарды СІМ-мен қызмет берушіге жолдау - 25 күнтізбелік күн;

7-процесс - жеке тұлғаның паспортына тыс жерде тұрғылықты тұруға рұқсат беру жөнінде жазба енгізу - 3 жұмыс күн.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді орындауды бастауға негіз болады:

1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;

2-процесс бойынша - дипломатиялық поштаны ресімдеу;

3-процесс бойынша- көрсетілетін қызметті берушінің СІМ-ге ілеспе хаты;

4-процесс бойынша - СІМ-нің ІІМ-ге ілеспе хаты;

5-процесс бойынша - ІІМ-нің СІМ-ге ілеспе хаты;

6-процесс бойынша - СІМ-нің көрсетілетін қызметті берушіге ілеспе хаты;

7-процесс бойынша - қызмет алушымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай адамдар қатысады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы;

2) СІМ-нің лауазымды адамы;

3) ІІМ-нің лауазымды адамы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдауды және тіркеуді көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы жүзеге асырады.

Тиісті құжаттары бар өтінішті қабылдауды, тексеруді, тіркеуді және қарастыруды көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы жүзеге асырады.

СІМ-нің лауазымды адамы көрсетілетін қызметті берушіден алынған құжаттарды ары қарай ІІМ-ге жолдауды жүзеге асырады.

ІІМ-нің қызметі 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау» мемлекеттік қызмет

көрсету регламентіне

1- қосымша

«Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


- қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;


- таңдау нұсқасы.

Қосылған : 14.02.2017, 09:45, Өзгертілген : 15.02.2017, 18:45