​Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 14 тамыз

  1. Сыртқы істер министрінің ГФР-ға ресми сапары туралы;
  2. Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың арнайы өкілі Петер Бурианның Нұр-Сұлтан қаласына сапары туралы;
  3. Азия және халықаралық қатынастар бойынша Гарвард жобасының Азиялық конференциясы туралы;
  4. АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасарының Қазақстанға сапары туралы;
  5. Инвестициялар тарту бойынша фронт-кеңселердің қызметі туралы;
  6. Қазақстан азаматтарының Норвегияға заңсыз еңбек көші-қоны туралы.

1. Сыртқы істер министрінің ГФР-ға ресми сапары туралы

19-20 тамыз аралығында Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барып қайтады.

Сапар аясында Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маас, Федералдық президент және Федералдық канцлер ведомстволарының басшылығымен кездесулер жоспарланған.

Кездесу барысында саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ көпжақты дипломатия бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылануы жоспарлануда.

Сапардың негізгі іс-шараларының бірі Қазақстанның инвестициялық ахуалын таныстыру жоспарланған неміс компаниялары басшыларының қатысуымен «дөңгелек үстел» болып табылады.

2. Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың арнайы өкілі Петер Бурианның Нұр-Сұлтан қаласына сапары туралы

15-16 тамызда Еуропалық Одақтың арнайы өкілі «Азия және халықаралық қатынастар бойынша Гарвард жобасы» Азиялық конференциясына қатысу үшін Қазақстанға келеді.

Сапар шеңберіңде Петер Бурианның мемлекет басшылығымен кездесулері жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығын, атап айтқанда Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы шеңберіндегі өзара іс-қимыл және оны іс жүзінде іске асыру жоспарланып отыр.

Айта кетерлік жайт, Орталық Азия бойынша ЕО жаңа стратегиясы 2019 жылғы 17 маусымда қабылданды және 2019 жылғы 7 шілдеде Бішкекте Министрлік конференциясы кезінде Орталық Азия мемлекеттеріне таныстырылды.

3. Азия және халықаралық қатынастар бойынша Гарвард жобасының Азиялық конференциясы туралы

16-20 тамыз аралығында Азия және халықаралық қатынастар бойынша Гарвард жобасының «Өзгерістерге ұмтылыс – сандық трансформацияның негізі» атты Азиялық конференциясы өтеді.

Конференция өткізу құқығы үшін Сингапур, Жапония, Қытай және Үндістанның жетекші жоғары оқу орындары күресті. Биыл бұл мүмкіндік «Назарбаев Университетінің» студенттеріне берілді. Халықаралық деңгейдегі осындай жоғары іс-шара Қазақстанда Жастар жылы аясында өтуде.

Аталған алаңда әлеуметтік саясат және инклюзивті даму, әлемдік экономика, қауіпсіздік және дипломатия, бизнес және технологиялар, қоршаған орта және энергетика, мәдениет және т. б. мәселелер талқыланады.

4. АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасарының Қазақстанға сапары туралы

2019 жылғы 20-21 тамызда Нұр-Сұлтан қаласына АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйлдің сапары жоспарлануда.

Сапар барысында мемлекет, Үкімет және Сыртқы істер министрлігі басшылығымен кездесулері көзделген.

Сондай-ақ, 21 тамызда Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдерінің қатысуымен «C5+1» атты жоғары деңгейдегі форматта кездесу өткізу жоспарлануда.

Іс-шара барысында сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту мәселелері, оларды шешу өңірлік тәсілді талап ететін қауіпсіздік саласындағы жаңа қауіп-қатерлер талқыланады.

«С5+1» форматы экономика, экология және қауіпсіздік салаларындағы Орталық Азия бес мемлекеті және АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың көпжақты тетігі болып табылады.

5. Инвестициялар тарту бойынша фронт-офистердін қызметі туралы

13 тамызда ел аймақтарындағы инвесторларды сүйемелдеу бойынша фронт-офистерінің қызметін реттейтін Ережелер бекітілді, оған сәйкес инвесторларды сүйемелдеу, олардың инвестициялық қызметті іске асыру үшін рұқсат беру құжаттарын алуы және мемлекеттік қызметтерді алуы бір алаңда жүргізілетін болады. Бұл ережелермен фронт-офистердің деңгейлері мен қатысушылары, өзара іс-қимыл тәртібі мен олардың қатысушыларының функциялары, құжаттарды ресімдеу тәртібі, инвестициялық жобалардың мониторингі және т.б. анықталған. Сыртқы деңгейде фронт-офис ретінде Қазақстанның шетелдік мекемелері бекітілді, олар әлеуетті инвесторларға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді, әлеуетті инвесторлардың республикаға сапарларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және болмыш елдерінде ірі компаниялармен іскерлік байланыстар орнатады. Орталық және өңірлік деңгейлерде фронт-офис ретінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады, олар бизнес жүргізу кезінде инвестор үшін қажетті қызметтердің толық спектрін ұсынатын болады. Бүгінгі күні фронт-офистердің жұмысы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласында табысты ұйымдастырылған.

6. Қазақстан азаматтарының Норвегияға заңсыз еңбек көші-қоны туралы

Қазақстан азаматтарының Норвегияға заңсыз маусымдық еңбек көші-қоны жағдайларына байланысты қоғамның назарына келесі мәліметті жеткіземіз. Маусымдық жұмысқа рұқсатты ресімдеу жөніндегі норвегиялық ережелер өте қатаң. Сондықтан, Норвегияға Қазақстандағы басқа еуропалық мемлекеттердің елшіліктері арқылы ресімделген шенген визасымен келуге және осы елдің аумағында құжаттарды маусымдық жұмысшы ретінде беруге рұқсат етілмейді. Қазақстан азаматтары үшін тиісті рұқсаттар мен визаларды Норвегияның Мәскеудегі Елшілігі ғана береді. Қажетті сауалнамалардың/нысандардың және құжаттарды берудің бекітілген арналарының талаптары осы дипмиссияның сайтында көрсетілген. Бұл ретте маусымдық келісімшарт Норвегияда 6 айдан аспайтын уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, аяқталғаннан кейін елден кетуді талап етеді. Барлық азаматтарды шетелде жұмысқа орналастыру жөніндегі агент ретінде интернетте өздерін жарнамалайтын «делдалдар» деп аталатын алаяқтардан сақ болуларыңызды сұраймыз

Қосылған : 14.08.2019, 16:45, Өзгертілген : 14.08.2019, 16:45