Қазақстандық делегация БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясы аясындағы Бірінші комитет жұмысына қатысты

2 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерболат Сембаев бастаған қазақстандық делегация Нью-Йорк қаласында (АҚШ) БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясы аясындағы Бірінші комитетінде жұмысын бастады.

Қазақстандық дипломаттар қарусыздандыру және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша жалпы пікірталастарда, сондай-ақ қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпаудың өзекті мәселелері бойынша тақырыптық талқылауларда Қазақстан Республикасының ұлттық ұстанымын ұсынды.

Комитеттің жұмысы аясында ғарыштық қауіпсіздік пен тұрақтылық, Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісім, БҰҰ-ның Қарусыздандыру комитетінің ұсынымдарын бекіту, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың дайындық процесі, Жаңқаланатын материалдарды әскери мақсаттарда өндіруге тыйым салу туралы шарт және ядролық верификация бойынша үкіметтік сарапшылар тобы, сондай-ақ БҰҰ қарусыздандыру жөніндегі Конференциясының рөлі мәселелерін қарастыру көзделген.

Комитет жұмысының қорытындысы бойынша халықаралық қауіпсіздік саласында алдағы шараларға бағытталған бірқатар қарарлар мен шешімдерді қабылдау жоспарлануда.

Қосылған : 4.10.2017, 17:30, Өзгертілген : 4.10.2017, 17:30