Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2015 жылғы «10» тамыздағы

№ 11-1-2/328 бұйрығына

9 - қосымша

«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде және электронды нұсқада (ішінара автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк (бұдан әрі - куәлік) беру болып табылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

1) 1 - процесс - көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамының өтініш пен құжаттарды қабылдауы - 1 жұмыс күн;

2) 2 - процесс - көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамының құжаттарды қарастыруы және оларды Инвестиция және даму министрлігіне (бұдан әрі - ИДМ) келісуге жолдауы - 2 жұмыс күн;

3) 3 - процесс - ИДМ-мен келісу және көрсетілетін қызметті алушыға жауап жолдау - 1 жұмыс күн;

4) 4 - процесс - мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру - 1 жұмыс күн.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді орындауды бастау үшін негіз болады:

1) 1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;

2) 2-процесс бойынша - құжаттарды қарастыру және куәлікті ресімдеуге дайындалу;

3) 3-процесс бойынша - мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына куәлiк беру .

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай адамдар қатысады:

1) көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішті қабылдауды, тіркеуді, тексеруді, куәлікті ресімдеу мен беруді көрсетілетін қызмет берушінің лауазымды адамы жүзеге асырады.

Куәлікті беру жөніндегі құжаттарды келісуді ИДМ лауазымды адамы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасынасәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

қосымша

«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


- қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;


- таңдау нұсқасы.

Қосылған : 6.02.2017, 09:45, Өзгертілген : 8.02.2017, 19:05