Консулдық заңдастыру

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2015 жылғы «10» тамыздағы

№ 11-1-2/328 бұйрығына

8 - қосымша

«Консулдық заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тапсырылған құжаттарды консулдық заңдастыру.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің өтініш пен құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 1 жұмыс күн;

2) 2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің құжаттарды заңнамаға сәйкестігін қарастыруы, тексеруі - 1 жұмыс күн;

3) 3-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің консулдық заңдастырылған құжаттарды беруі - 1 жұмыс күн.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді орындауды бастау үшін негіз болады:

1) 1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;

2) 2-процесс бойынша - консулдық заңдастыруға ұсынылған құжатқа қол қою;

3) 3-процесс бойынша - заңдастырылған құжатты беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай адамдар қатысады:

1) Қазақстан Республикасының аумағында:

көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісі;

қызмет берушінің консулдық лауазымды адамы.

2) шетелде:

қызмет берушінің консулдық лауазымды адам.

9. Қазақстан Республикасының аумағында өтінішті қабылдауды, тіркеуді, тиісті құжаттары бар өтінішті тексеруді, консулдық лауазымды адамның қарауына құжаттарды табыстауды, консулдық заңдастырылған құжаттарды беруді қызмет берушінің консулдық қызметшісі жүзеге асырады.

Консулдық лауазымды адам құжаттарды қарауды және қол қоюды жүзеге асырады. Шетелде өтінішті қабылдауды, тіркеуді, тиісті құжаттары бар өтінішті тексеруді, консулдық заңдастырылған құжаттарды беруді қызмет берушінің консулдық қызметші жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасынасәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

қосымша

«Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасының аумағындағы консулдық заңдастыру

*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


- қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;


- таңдау нұсқасы.

шетелде консулдық заңдастыру

*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


- қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;


- таңдау нұсқасы.

Қосылған : 11.02.2017, 17:25, Өзгертілген : 15.02.2017, 13:30