ҚР Елшісі Қазақстанда алдағы болатын Президент сайлауына қатысты брифинг өткізді

БЕРЛИН, 2019 жылғы 22 мамыр – Қазақстанның Германиядағы Елшілігі Қазақстанда өтетін алдағы сайлауға арналған пресс-конференция өткізді. Оған неміс ақпарат агенттіктері, баспа БАҚ журналистері, сондай-ақ Фридрих Эберт Қоры, Конрад Аденауэр Қоры мен Шығыс Еуропа және халықарлық қарым-қатынастар орталығының беделді сарапшылары мен саясаткерлері қатысты.

Өз баяндамасында ГФР-дағы ҚР Елшісі Болат Нүсіпов Қазақстанда болып жатқан ішкі саяси процестер мен алдағы уақытта өтетін президент сайлауына дайындық барысы туралы хабарлады.

Атап айтқанда, қазақстандық дипломат ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтау туралы шешімінің тарихи маңыздылығына ерекше тоқталды. Бұл ретте Елші неміс журналистері мен саясаткерлеріне кезектес тыс өтетін сайлаудың мақсаты – қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету, белгісіздік күйден шығу, еліміздің ішкі және сыртқы саясатының сабақтастығы мен болжамдығын растау екендігін және бұның Республиканың саяси-экономикалық стратегиялық мәселелерін одан ары шешу үшін айрықша маңыздылығын атап айтты.

Одан басқа Б.Нүсіпов брифинг қатысушыларына ҚР-дағы президент сайлауын бақылау бойынша БДИПЧ/ОБСЕ халықаралық миссиясы құрамында 22 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді бақылаушылар,соның ішінде 30 Германия азаматы бар екендігін хабарлады. Бұл ретте ГФР-дан ҚР-ға қосымша тағы төрт тәуелсіз бақылаушы жіберілетін болады.

Қазақстандық дипломаттар да Президенттікке үміткер жеті кандидаттың әрқайсының сайлауалды платформасы туралы толық мәлімет берді, халықаралық бақылаушылардың тіркелу реті мен шетелдік журналистердің аккредитациясы туралыақпарат берді.

Қызықты сұхбат барысында Елші Б.Нүсіпов сарапшылар мен БАҚ өкілдерінің алдағы сайлау тұрғысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сұрақтарына жауап берді.

Пресс-конференция соңында қатысушылар қазіргі Қазақстан мен Президенттікке үміткерлер туралы материалдары бар ақпараттық пакеттер алды.

Германия Федеративтік Республикасында уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарының назарына: Германия территориясында екі сайлау учаскесі: бірі Берлиндегі ҚР Елшілігінде, екіншісі Майндағы Франкфурттағы ҚР Бас консулдығында ұйымдастырылады және сәйкесінше ү.ж. 9 маусым күні сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жергілікті уақыт бойынша жұмыс істейді.

Қосылған : 22.05.2019, 17:00, Өзгертілген : 22.05.2019, 17:00