ҚР СІМ-де сыртқы саяси ведомствоның «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ-мен өзара іс-қимыл мәселері талқыланды

2017 жылғы 10 тамызда ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашевпен кездесуі өтті, оның барысында инвестициялық-экспорттық бағыттардағы өзара іс-қимылды күшейту, шетелде бірлескен ақпараттық-имидждік жұмысты жүргізу, шет елдердегі «Kazakh Invest» өкілдіктерінің қызметін атқаруы мен жаңаларын ашу, сондай-ақ Қазақстанда және шетелде инвестициялық форумдарды өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері талқыланды.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы ҚР Премьер-Министрі Директорлар Кеңесін басқаратын ҚР Үкіметі құрған ұлттық компания инвестицияларды тарту мен экспортты ілгерілетуге жаңа серпін беруге жұмылдырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, Министрлік пен ұлттық компания алдарында тұрған тапсырмалардың ортақтығын айтып өтті. Осыған орай, бірлесе ұйымдастырылған жұмысты жүргізу мен өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігін атап өтті.

Жалпы, Министрліктің әлеуеті «Kazakh Invest» ҚР-дың шет елдердегі мекемелерін қоса алғанда сыртқы саяси ведомствоның шет елдерде және Қазақстанда барлық қажетті жәрдем көрсету дайындығы айтылды. Осы жұмыстың маңызды элементі ретінде «Kazakh Invest» АҚ-нің шетелдік өкілдері мен ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінің шетелдік бизнес-қауымдастықпен бірлескен жұмысы күшейтіледі, «Kazakh Invest» АҚ-ны ілгерілету бойынша 2017 жылға арналған Жоспарының негізінде Қазақстанның инвестициялық климатын ілгерілету бойынша бірлескен ақпараттық-имидждік жұмыс атқарылады.

«Kazakh Invest» басшысы өз кезегінде ұлттық компанияның қызметіне көрсетілген жәрдем үшін Министрге «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ-тың Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде де алғысын білдірді, сонымен қатар шетелдік инвесторлармен күнделікті жұмыста іс-қимылды одан әрі бекітуге үмітін білдірді.

Кездесу нәтижесінде ҚР СІМ мен «Kazakh Invest» арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойылды, оны іске асыру аясында Жол картасы әзірленеді. Бұл Мемлекет басшысы анықтаған инвестициялық-экспорттық Министрлік пен ұлттық компанияның бірлескен жұмысын жүйлендіруге

Қосылған : 10.08.2017, 18:45, Өзгертілген : 10.08.2017, 18:45