Лондонда қазақстандық орындаушы Maqpalsher концертін өткізді

ЛОНДОН, 2019 жылғы 18 қыркүйек – Қазақстандық ақын, композитор және орындаушы Мақпал Жұмабайдың «АUА» концептуалды концерті Ұлыбританиядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Лондонның Брунель мұражайында өтті.

М.Жұмабай қазіргі әдебиет пен орындаушылық өнер саласындағы жаңа көркем шешімдерді ұсына отырып, поэзия мен музыканы біріктіреді. Оның шығармашылығы адам өмірі туралы философиялық ойға негізделген және адам жанының терең қабатына енеді. Ол өзінің шығармашылығын Maqpalsher ретінде анықтайды және өзінің музыкалық-поэтикалық тұжырымдамасы негізінде жұмыс істейді.

М.Жұмабай поэзия мен музыканы ұштастырып, заманауи әдебиет пен заманауи музыка бағытына жаңа көркемдік шешім ұсынып келеді. Өнері философиялық, дүниетанымдық ойға құрылып, адам жанының терең қатпарларына бойлайды. Өз шығармашылығына Maqpalsher деген атау беріп,  өзіндік  музыкалық-поэтикалық концепция бойынша жұмыс істейді.

«Sher» сөзі ежелгі қазақ тілінен «поэзия» деп аударылады, сонымен қатар заманауи қазақ тілінде «қайғы» деген мағынаны білдіреді. «Maqpal» – «нәзік, барқыт» дегенді білдіреді, сондықтан Maqpalsher дегенім – «нәзік поэзия» әрі «барқыт қайғы». Менің ойымша, поэзия мен музыка бөлінбейді, әрбір өлеңнің өзіндік музыкасы бар, оны тек есту керек. Менің өнерім – сөзбен ұштасқан музыка емес, өз музыкасын тапқан поэзия», – дейді М.Жұмабай.

М.Жұмабайдың «Мақпал шер» және «Жалғызым» атты поэтикалық-музыкалық  альбомдары жарық көрген. Сонымен қатар, ол елімізде  «Мақпал шер» (2013-2017), «Жалғызым» (2017) және «АUA» (2018) концептуалды концерттерін өткізген.

Лондон үшін дайындалған «AUA» концептуалды концерті – кеңістік пен дүние, адам мен рух жайлы ізденіс. М.Жұмабайдың өлеңдерін британдық ақын Дэвид Кук Лондон концертіне арнап ағылшын тіліне аударған.

«Мен Макпалдың музыкасымен таныспын, YouTube-те бірнеше бейнеклиптерін көрдім, олар маған өте ұнады. Оны бүгін Лондонда көргеніме өте қуаныштымын. Оның Қазақстаннан тыс жердегі алғашқы концертін Лондонда ұйымдастырғанына біз өте қуаныштымыз. Менің ойымша, Мақпалдың болашағы зор. Оның ағылшын тілінде ән айтпайтынына қарамастан, оның дауысы өте әдемі, ал музыкасы барлық эмоцияларды жеткізеді. Сондықтан да мен оның осында табысқа жету жолын табатына сенемін», – деді «BBC» журналисі Роберт Гринолл.

Шығармашылық топ мүшелері: 

Жоба авторы: ақын Мақпал Жұмабай

Музыкалық жетекші: Бейбіт Ақош

Бас-гитара: Оралxан Сәдуақас

Акустикалық гитара: Руслан Журбин

Электрогитара: Бақыт Жетенов

Барабан: Әліби Абдрахманов

Қоюшы режиссер: Тоғжан Құрманжанова

Қоюшы оператор: Жамбыл Белгібаев

Қосылған : 20.09.2019, 12:30, Өзгертілген : 20.09.2019, 12:30