Лондонда Ұлыбританияда тұратын қазақстандықтардың қатысуымен бизнес-форум өтті

ЛОНДОН, 2019 жылғы 20 қыркүйек – Шетелде тұратын отандастармен байланыс орнату және нығайту бойынша «Отандастар қоры» КЕАҚ-тың (Қор) төртінші бизнес-форумы Ұлыбритания астанасында өтті. Іс-шараның мақсаты – Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасы өкілдерімен іскерлік қарым-қатынас орнату. Бизнес-форумды «Отандастар қоры» КЕАҚ, «Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы» РҚБ және Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі ұйымдастырды.

Шара аясында Қор басшылығы атынан Вице-президент Мағауия Сарбасов Қор және Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының қызметін, сондай-ақ шетелдегі диаспорамен жұмыс істеу жөніндегі қордың негізгі жобаларының бірі – Қазақ мәдени-іскерлік үйінің құрамына кіретін әлем бойынша іскерлік үйлер мен мәдени орталықтар желісін құру жөніндегі жоспарларды таныстырды.

Ойға сәйкес, орталық кеңсесі Қазақстан астанасында орналасқан Қазақ мәдени-іскерлік үйі шет елдерде ресми өкілі ретінде этникалық қазақтар болатын іскерлік үйлер мен мәдени орталықтар желісін құрады. Олар қазақ мәдениеті мен дәстүрлерінің, ұлттық брендтердің, тілді сақтаудың жолсерігі болады, сондай-ақ қазақстандық экспортты, өнімдерді насихаттауға жәрдем көрсетеді, іскерлік келісім-шарттар жасауға қатысады, серіктестерді, қызықты бизнес-идеялар мен инновациялық стартаптарды іздестіреді. Бұл қағида Израиль сияқты бірқатар алдыңғы қатарлы елдердің үкіметтерімен мәдениетті ілгерілету мен іскерлік байланыстарды дамытуда кеңінен қолданылады, өйткені нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бизнес-форум барысында қатысушылар өзара іс-қимыл тетіктерін, бизнес-бастамаларды ынталандыру және стартаптарды қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі талқылады. Ұлыбритания нарығында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілету перспективалары, сондай-ақ Астана Опера және Астана Балет сияқты мәдени және ұлттық брендтерді қолдау, диаспора өкілдері арасында қазақ тілін сақтау, сондай-ақ Лондонда «Абай» мәдени орталығын құру мәселелері де талқыланды.

Форум жұмысына 40-тан астам адам қатысты. Оларға өздерін қызықтыратын стартаптар, бизнес-бастамалар, қолда бар жобалар туралы айтып, спикерлерге сұрақтар қойып, бизнес-жоспарлар мен бастамаларды Қазақстанда да, халықаралық нарықта да ілгерілету мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік берілді.

Соңында Қор өкілдері кездесуге қатысушылардың барлығын ағымдағы жылдың қараша айында Түркістан қаласында өтетін отандастардың бірінші форумына шақырды. Бұдан басқа, «Отандастар» өкілдері барлық өзекті мәселелер бойынша кеңес беретін және ақпараттық қолдау көрсететін жақында құрылған отандастар мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы туралы айтып берді.

Лондондағы бизнес-форум Мюнхен, Сан-Франциско және Ыстанбұл қалаларындағы кездесулерден кейін төртінші іс-шара болды. Жалпы алғанда, түрлі елдерде тұратын отандастармен сегіз осындай кездесулер жоспарланған (ГФР, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Қытай, Өзбекстан, Түркия және Ресей). Келесі бизнес-форум Стокгольм қаласында (Швеция) өтеді.

Алдағы форумдар туралы барлық ақпарат Қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында бар. Бұдан басқа, бизнес-форумдардың егжей-тегжейін Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып білуге болады:

  • 1404
  • 8 800 080 1404
  • +7 (7172) 98 14 04
  • Whatsapp және Telegram мессенджерлердегі келесі нөмір бойынша +7 701 000 1404 (қоңыраулар қабылданады)
Қосылған : 21.09.2019, 10:30, Өзгертілген : 21.09.2019, 10:30