Қазақстан Республикасының трансшекаралық су ресурстары мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастығы

 

Қазақстан Республикасы трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән береді.

Қазақстан трансшекаралық су ресурстары саласында бүкіл сұрақтарды халықаралық-құқық нормаларына сай шешу қажеттілігінің белсенді жақтаушысы болып табылады.

Ертеден келе жатқан немесе жаңадан пайда болған бүкіл проблемалар сындарлы диалог жолымен шешіледі. Осыған орай Қазақстан көп жылдар бойы көршілес елдермен көпжақты ынтымақтастық тетіктері арқылы, сондай-ақ, екіжақты комиссиялар мен жұмыс топтары аясында өзара белсенді әрекеттестік жасайды.

Қазақстан делегациялары ірі халықаралық конференцияларға, семинарларға және форумдарға тұрақты түрде қатысады. Сондай-ақ, Астана трансшекаралық су мәселесіне қатысы бар табиғатты қорғау жөніндегі бірнеше халықаралық конвенциялар мен келісімдердің қатысушысы болып табылады.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Трансшекаралық контекстінде қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы Конвенциясыға, Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенцияға, Халықаралық маңызы бар су-батпақ алқаптары, ең алдымен суда жүретін құстардың мекендейтін жерлері туралы Конвенцияға қосылды.

Трансшекаралық су ресурстары мәселесі бойынша БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығы, ЕҚЫҰ, Дүниежүзілік банкі, Еуразиялық даму банкі, ЭСКАТО және басқа халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатылды. Бірлескен шекара болмаса да, Қазақстан Еуроодақпен, АҚШ және басқа мемлекеттермен су ынтымақтастығы саласында белсенді жұмыстар жүргізуде.

Сондай-ақ, Орталық Азия аумағында бірлесен жобаларды жүзеге асыруға Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ), Швейцарияның даму және ынтымақтастық жөніндегі агенттігі (SDC), Су ресурстары жөніндегі халықаралық бюросы (IOW), Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігі (USAID) және басқа елдердің үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдары консультациялық және донорлық көмек көрсетуде.

 

 

Қосылған : 10.12.2013, 15:32, Өзгертілген : 25.03.2016, 14:47