«Астана» Халықаралық қаржы орталығы және Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2019 жылғы 7 ақпанда Киев қаласында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының делегациясы Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен келіссөздер өткізді. Кездесу нәтижесінде Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар Украинаның іскер топтары үшін Орталықтың таныстырылымын ұйымдастыруға және инвестициялар мен қаржы құралдары саласында бірлескен жұмысты бастауға уағдаласты.

Сонымен қатар, украиналық мамандар үшін АХҚО алаңында қаржы технологияларды дамыту, капиталдарды басқару және қор нарығы мәселелері бойынша тағылымдама бағдарламасын бастау көзделуде.


ҚР Украинадағы Елшілігі

Қосылған : 7.02.2019, 20:10, Өзгертілген : 7.02.2019, 20:10