ТМД елдерінің Сыртқы істер министрлері алдағы Сочи қаласындағы мемлекет басшыларының кездесуіне құжаттарды мақұлдады

Сочи, 10 қазан, 2017 жылы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2017 жылғы 10 қазанда өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) Сыртқы істер министрлер Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Отырыстың негізгі мақсаты 11 қазанда Сочи қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін ТМД Саммитінде талқыланатын құжаттарды қарастыру мен мақұлдау болып табылады.

Отырыс барысында министрлер қазіргі кезеңдегі ТМД-ның бейімделуі туралы мемлекет басшылары бұрын қабылданған шешімдердің дамуына дайындалған бірқатар құжаттарды қарастырды.

2015 жылғы Бурабайдағы ТМД мемлекет басшылары кездесуінде Қазақстан Республикасының Президенті бірлестіктің тиімділігін арттыру мен транформациялауына бағытталған бірқатар бастамаларын ұсынды. 2016 жылы қыркүйекте Бішкекте өткен келесі кездесуде Қазақстанның ұсыныстары негіз болған «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының қазіргі кезең шындықтарына бейімделуі туралы» ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің шешімі қабылданды. Сочи қаласында Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Бурабай бастамаларының дамуына бірқатар жаңа құжаттарды мақұлдады.

Сонымен қатар, министрлер 2018-2020 жылдарға арналған Ұлттық спорт түрлерін қолдау және дамыту бағдарламасы және халықаралық жастар ынтымақтастық стратегиясы, сондай-ақ туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.

Қосылған : 10.10.2017, 21:45, Өзгертілген : 10.10.2017, 21:45