ЕҚЫҰ шеңберінде Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарламасы ұсынылды

2019 жылғы 7 наурызда ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысы барысында Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Hұp Отан» партиясының XVIII съезіндегі баяндамасының негізгі қағидаттары туралы хабардар етті.

Азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстанды әлеуметтік бағыттағы мемлекет ретінде дамыту ең басты басымдық болып табылатыны атап өтілді.

ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесіне халықтың өмір деңгейін арттыру, экономиканы ынталандыру және стратегиялық тапсырмаларды іске асыруға бағытталған 2019-2021 жылдарға арналған Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарламасы және «Hұp Отан» партиясының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы туралы ақпарат берілді.

ЕҚЫҰ шеңберінде адами капиталды дамыту, әлеуметтік және экономикалық адам құқықтарын сақтау, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, ұлттық экономикалық реформаларды іске асыру және инвестициялар мен экономиканы дамытуға тиісті жағдай жасау мәселелері тәжірибе және озық машықтармен алмасу мақсатында талқыланады.

Қосылған : 9.03.2019, 11:20, Өзгертілген : 9.03.2019, 11:20