Алматыда Терроризмге қарсы іс-қимыл мәселесі жөнінде Қазақстан мен Ресей арасындағы консультациялар өтті

АЛМАТЫ - Терроризмге қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде екіжақты консультациялардың үшінші раунды өтті. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Ресей тарапын Сыртқы істер министрінің орынбасары Олег Сыромолотов басқарды.

Тараптар ДАИШ және басқа да халықаралық террористік ұйымдарға қарсы іс-қимыл, шетелдік террорист-жауынгерлер, контртерроризм саласындағы екіжақты ынтымақтастық, радикалдану, сондай-ақ Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберінде есірткіге қарсы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі тәртіп кодексін қабылдау туралы бастамасының маңыздылығы мен өзектілігі атап өтілді.

Тараптар терроризмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Қосылған : 12.03.2019, 18:00, Өзгертілген : 12.03.2019, 18:20