«Дипломатия жаршысы» журналы

«Дипломатия жаршысы» журналы – халықаралық қатынастарды, сыртқы саясаттың өзекті бағыттарын, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің мәселелерін қозғайтын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің негізгі басылымы. 1996 жылдан бастап шығарылады.

2018 жылы журналдың жаңа нысаны мен тұжырымдамасы бекітілді.Сонымен қатар онда мынадай бөлімдер пайда болды: «Басты назарда», «Халықаралық қатынастар», «Әлеуметтік-саяси үдерістер», «Өзекті мәселелер туралы кәсіби тұрғыдан», «Тарих беттерінен», «Министрліктегі жаңа тағайындаулар».

«Дипломатия жаршысы»қазақ және орыс тілдерінде басылады, сондай-ақ ағылшын тіліндегі The Diplomatic Herald of Kazakhstan нұсқасы қайта шығарыла бастады.

Журнал Қазақстанның сыртқы саясаты туралы ақпараттың басты жүйеленген көзі болып табылады. Қандай да бір өзекті оқиғалар, сапарлар мен мәселелер туралы сапалы ақпаратты бір ауыздан алу замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыз үшін басылымның басты құндылығы болып табылады.

Журналда, ең алдымен, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін маңызды сыртқы саяси, халықаралық оқиғалар мен іс-шаралардың мазмұны мен нәтижелеріне теңдестірілген және объективті талдау жасауға ерекше назар аударылады.

ҚР СІМ басшылығы, Төтенше және Өкілетті Елшілер, Бас консулдар мен Қазақстан Республикасы мен басқа да шет елдердің дипломаттары онда екі жақты және көп жақты қатынастардың өзекті мәселелері туралы белсенді түрде әңгімелейді. Министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың басшылық құрамының, еліміздегі жетекші қызметкерлер мен ғалымдардың эксклюзивті мақалалары жарияланып отырады.

Осы басылымның номерлерін Президент Әкімшілігі, Парламент, Премьер-министр Кеңсесі және бірқатар басқа да мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының ұлттық компаниялары, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус, Қазақстанның шет елдегі Елшіліктері мен өкілдіктері, кітапханалар мен жетекші жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. алады.

Жарияланымдарға қойылатын талаптар:

  • 1.Мақалалардың мәтіндері редакцияға Word форматында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде электронды түрде diplomaticherald@mfa.kz мекенжайы бойынша жіберілуі тиіс.
  • 2.Мақалалар ықшамды және қол жетімді тілде жазылуы тиіс.
  • 3.Мақалалар мәтіні TimesNew Roman, 14 - кегль шрифтімен терілуі тиіс, жоларалық интервал - біркелкі.
  • 4.Азат жол басындағы бос жер - 1,25 см.
  • 5.Жиек мөлшелері: сол жақ - 3 см, оң жақ -1,5 см, асты және жоғарғы жағы – 2 см.
  • 6.Нөмірлеу бірінші беттен басталады: үстінде, дәл ортасында.
  • 7.Мақаланың көлемі – 1200-ден - 2000-сөзге дейін болу керек (түсініктеме, әдебиет тізімі есепке алынады).
  • 8.Мақала орыс, қазақ, ағылшын тілдеріндегі қысқа түсініктемемен, көлемі 30-дан - 40 сөзге дейін аңдатпаумен сүйемелденуі тиіс.
  • 9.Сілтемелер шаршы жақшалар ішінде ресімделеді, дереккөздер тізімі соңына жазылады.
  • 10.Мақаланың негізгі мәтінін бірнеше тарауларына бөлуді ұсынамыз.
  • 11. Мәтінде «шырша» тырнақшалар қолданылады.
  • 12.Мәтінде аты-жөні мен тегі ажырағысыз аралықпен жазылады. Аты-жөні арасында бос орын жоқ. Аты-жөні толық жазылғаны мүмкін.
  • 13. Парақтың үстіңгі оң жақ бөлігінде автордың тегі мен аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі және атағы жазылады. Парақтың дәл ортасында бас әріппен мақаланың атауы беріледі.
  • 14. Мақалалардың мәтіндеріне пікір жазылмайды.
  • 15. Мақаланың мазмұны үшін автор жауапты.
  • 16. «Дипломатия жаршысы» журналында жарияланған материалдар редакцияның көзқарасын көрсетуі міндетті емес.
  • 17. Редакция мақаланы жариялау, жетілдіріп пысықтауға жіберу немесе қайтару құқығын өзіне қалдырады.
Қосылған : 25.02.2017, 11:55, Өзгертілген : 20.08.2018, 16:20