Минскте Қазақстанда өтетін президенттік сайлау мәселелері талқыланды

МИНСК, 2019 жылғы 20 мамыр - Беларусь Республикасының Ұлттық баспасөз орталығында Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ермұхамет Ертісбаев ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Брифинг барысында Е. Ертісбаев шетелдік және қазақстандық журналистерге кезектен тыс президенттік сайлаудың тарихын айтып беріп, сондай-ақ сайлауға дайындық барысы, Қазақстанның сайлау заңнамасы және жоғары мемлекеттік лауазымға кандидаттар туралы өзекті ақпаратты ұсынды.

"Қазақстан барлық халықаралық міндеттемелерді толығымен қолдайды және өзінің ұлттық мүдделері мен басымдықтарына сәйкес теңдестірілген, көпвекторлы және прагматикалық сыртқы және экономикалық саясатты жүргізуді жалғастырады", - деді Е. Ертісбаев.

Беларусьтің БАҚ өкілдері Қазақстандағы президенттік сайлауға үлкен қызығушылық танытып, сайлаушылар саны, Қазақстандағы сайлау жасы, Президенттікке кандидаттар туралы ақпарат бойынша және басқа да бірқатар сұрақтар қойды.

Қазақстандық дипломат осы жылғы 9 маусымда сағат 7.00-де өз жұмысын бастайтын Қазақстанның Минсктегі Елшілігінің аумағында орналасатын сайлау учаскесі туралы айтып, Қазақстандағы президенттік сайлауды жария етуге ниет білдірген шетелдік журналистер үшін БАҚ-ты аккредиттеу процесі басталғаны туралы хабарлады.

Қосылған : 21.05.2019, 17:20, Өзгертілген : 21.05.2019, 17:25